Заң, тәртіп және спорт: Шымкентте жас спортшылармен маңызды кездесу өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Заң, тәртіп және спорт: Шымкентте жас спортшылармен маңызды кездесу өтті

Шымкентте «Заң мен тәртіп» қағидаттарын насихаттауға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және жастар тәрбиесіндегі спорттың рөліне арналған түсіндіру шарасы өтті. Қалалық жоғары спорт шеберлігі мектебінің қызметкерлері прокуратура өкілдерімен бас қосып, заң талаптарын сақтау және құқықтық мәдениетті көтеру жолдарын сөз етті.

Серік Темірханұлы, қалалық жоғары спорт шебері мектебінің директоры:
«Біз қызметкерлерге дене шынықтыру спорт мектебінің қызметкерлеріне, әдіскерлеріне заң мен тәртіп жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қазір біз Шымкент қаласының прокуратурасын арнайы шақырып сол кісімен толыққанды таныстыруды қолға алып отырмыз».

Жиында басты назар жас буынға аударылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, заң туралы құрғақ сөз айту жеткіліксіз. Ең бастысы – жастардың әр әрекетіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастырып, дұрыс таңдау жасауға және теріс жолға түспеуге бағыттау.

Біржан Жақыпұлы, бокстан әлем чемпионы:
«Жастарды да сол заңға бағынышты болсын сол бағытта тәрбиелі болсын, заңға бағынсын шектен кетпесін дұрыс жол таңдасын. Оның ішінде спортқа келсін деген бағытта жұмыс жасаймыз. Жастарды спортқа тарту. Өзіміздің жиі-жиі жас спортшылармен кездесіп мотивация беру».

Бұл ретте спорттың орны ерекше. Жас спортшылармен жиі өтетін кездесулер, мотивациялық әңгімелер және танымал чемпиондардың қолдауы жастардың салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс жол таңдауына және үлкен жетістіктерге ұмтылуына зор ықпал етеді.

➖

Закон, порядок и спорт: в Шымкенте обсудили воспитание ответственной молодёжи

В Шымкенте прошло разъяснительное мероприятие, посвящённое принципам «Закон и порядок», ответственному гражданству и роли спорта в воспитании молодёжи.

Для сотрудников городской школы высшего спортивного мастерства организовали встречу с представителями прокуратуры, где обсудили соблюдение законодательства и правовую культуру.

Серик Темирханулы, директор городской школы высшего спортивного мастерства:
«Мы проводим разъяснительную работу среди сотрудников и методистов школы физической культуры и спорта по вопросам соблюдения закона и порядка. Сейчас мы специально пригласили представителей прокуратуры города Шымкента, чтобы они подробно ознакомили сотрудников с данной темой».

Особое внимание уделили молодому поколению. Как отмечают организаторы, важно не просто говорить о законе, а формировать у молодых людей ответственное отношение к своим поступкам, умение делать правильный выбор и не переступать установленные границы.

Биржан Жакыпулы, чемпион мира по боксу:
«Мы работаем над тем, чтобы молодёжь также соблюдала закон, воспитывалась в правильном направлении, не переходила границ и выбирала правильный путь. В том числе наша задача — привлекать молодых людей к спорту. Мы регулярно встречаемся с юными спортсменами, поддерживаем их и мотивируем на достижение высоких результатов».

Отдельная роль в этом отводится спорту. Регулярные встречи с юными спортсменами, мотивационные беседы и поддержка со стороны известных чемпионов помогают молодёжи выбрать здоровый и правильный путь, развиваться и стремиться к высоким результатам.

Otyrar.kz

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...