Шымкенттің жедел жәрдем бригадасы республикалық чемпионатта I орын алды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкенттің жедел жәрдем бригадасы республикалық чемпионатта I орын алды

Шымкент қаласының жедел медициналық жәрдем бригадасы Таразда өткен республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында І орынға ие болды.

Жарысқа Қазақстанның барлық өңірлерінен келген жедел медициналық жәрдем бригадалары, сондай-ақ Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа мемлекеттердің өкілдері қатысты. Байқауға 165–180 адам жиналды.

Чемпионаттың мақсаты – жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, төтенше жағдайларда медициналық көмек көрсету дағдыларын жетілдіру, командалық жұмысты дамыту және халықаралық тәжірибе алмасу.

Іс-шара бағдарламасына халықаралық сарапшылардың қатысуымен шеберлік сабақтары, тәжірибе алмасу кездесулері және жедел медициналық көмекті жетілдіруге арналған ғылыми-практикалық іс-шаралар енгізілді.

Шымкент бригадасының жеңісі мамандардың кәсіби дайындығы мен командалық үйлесімділігін көрсетті.

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...