Шымкенттік мергендер үлкен додаға дайындалуда — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкенттік мергендер үлкен додаға дайындалуда

Шымкентте U-12, U-15 және U-17 жас санаттары арасында №17 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв спорт мектебінің біріншілігі өтуде. Қатысушылар үшін бұл жай ғана кезекті жарыс емес, қыркүйек айында Қызылорда қаласында өтетін Қазақстан чемпионатында қаламыздың намысын кім қорғайтыны осы додада анықталады. Бұл біріншілік — Қазақстан чемпионатыққа іріктеудің маңызды кезеңі. Шымкенттік спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, өздерінің дәлдігін, төзімділігін және спорттық мінезін байқатуда.

Таншолпан Қалдыхан, мерген:
«Садақ атумен айналысып жүргелі 2 жыл болды, 17 жас санатында сынға түсемін. Алдағы мақсатым — Олимпиада чемпионы атану және Олимпиада ойындарында өнер көрсету. Бұл спорт түрінің жинақылыққа үйрететіні, сондай-ақ нысанаға дәл тигізу әдісі мен техникасы ұнайды».

Бұған дейін Бангкокте өткен Азия кубогында шымкенттік мергендер ұлттық құрама қоржынына үш алтын медаль салған болатын. Сондай-ақ Қазақстанның әйелдер құрамасы әлем чемпионатының тұғырына көтеріліп, қола жүлдеге ие болды. Бүгінде команда алға қадам басуын жалғастыруда, Азия ойындарына қатысатын үміткерлер де іріктелді.

Виталий Воробьев, Шымкент қаласы бойынша садақ атудан аға жаттықтырушысы:
«Біз жекелей сын мен жекелей финалдарды да өткіздік, онда спортшылар жақсы нәтиже көрсетті. 2026 жылдың бастамасы мен 2025 жылдың соңы өте сәтті болды деп айта аламын. Әлем чемпионатында тарихи сәт орын алып, блоктық садақ атудан әйелдер командасы үшінші орынды иеленді — бұл әлем чемпионатындағы 30 жылдық тарихта тұңғыш рет тіркеліп отыр. Жыл басында Тайландтың Бангкок қаласында Азия кубогы өтіп, спортшыларымыз ұлттық құрамаға 3 алтын әкеліп, жақсы нәтиже көрсетті. Сондай-ақ жарты жылдық қорытындысы бойынша Азия ойындарына кандидаттар іріктелді: олар — жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары Қарабаев Ақбарали, Юнусова Роксана және Каримов Дастан».

U-17 және U-15 жас санаттарындағы жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты Қызылорда қаласында 14–20 қыркүйек аралығында өтеді. Ал Азия ойындарының алдында мергендер Алматы облысындағы Олимпиадалық дайындық орталығының базасында оқу-жаттығу жиынын өткізуді жоспарлап отыр.

© “Otyrar” телеарнасы

x

Check Also

Садақ атудан әлем чемпионатының жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды

Шымкент халықаралық әуежайында Оңтүстік Кореяда өткен садақ атудан әлем чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды жерлестері салтанатты түрде қарсы алды. Ульсан қаласында ...

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...