Шымкентте мемлекеттік қызметшілер арасында Government Chess Cup 2026 турнирі өтіп жатыр — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте мемлекеттік қызметшілер арасында Government Chess Cup 2026 турнирі өтіп жатыр

Шымкентте мемлекеттік қызметшілер арасында Government Chess Cup 2026 турнирінің іріктеу кезеңі өтіп жатыр. Шахмат тақтасына 11 команда құрамындағы 43 қатысушы жайғасты. Бәсеке швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан тұрады. Әр ойынға 10 минуттан беріледі, әр жүрістен кейін уақытқа тағы 5 секунд қосылады. Алайда мұндағы мақсат – үздік ойыншыны анықтау ғана емес. Ең мықты команданы іріктеп, Шымкенттің намысын республикалық додада қорғауға мүмкіндік беру.

Ләззәт Рамазанова, турнир қатысушысы:
«Мен мұндай турнирлерге көп жылдан бері қатысып келемін. Шахмат – жұмыстан тыс уақыттағы сүйікті хоббиім. Бүгін де ойнап, жеңіске жету үшін келдім. Осындай жарыстардың біздің Шымкентте ұйымдастырылып жатқанына қуаныштымын».

Шахмат тақтасында қаланың мемлекеттік органдарында қызмет ететін үздік ойыншылар бас қосты. Қатысушылар үшін бұл – өз деңгейін байқап, мықты қарсыластармен бақ сынауға жақсы мүмкіндік. Ал шешуші ойындар әлі алда. Төрешілердің айтуынша, биылғы додаға қатысушылардың дайындығы да, шеберлігі де жоғары.

Әбдіқадыр Яхияев, ФИДЕ халықаралық арбитрі:
«Бұл – мемлекеттік қызметшілер арасындағы турнир. Бүгін 43 адам, 11 команда қатысып жатыр. Мемлекеттік қызметшілер арасында осындай мықты шахматшылардың бар екеніне өзім де таңғалдым. Турнирдің басты жүлдесі – финалға жолдама. Финал Астанада өтеді. Осы іріктеу кезеңінен ең мықты команда анықталып, Шымкент қаласының намысын қорғайтын болады».

Турнирдің басты мақсаты – Шымкенттің атынан Астанада өтетін республикалық финалда бақ сынайтын үздік команданы анықтау. Сондықтан әр ойыншы үшін әр партияның маңызы зор. Өйткені жеңіс – елордада қала намысын қорғауға берілетін жолдама.

➖

В Шымкенте проходит Government Chess Cup 2026 среди госслужащих

В Шымкенте проходит отборочный этап Government Chess Cup 2026 среди государственных служащих. За шахматными досками — 43 участника, объединённые в 11 команд. Турнир проводится по швейцарской системе в 9 туров, с рапид-контролем: 10 минут на партию с добавлением 5 секунд за каждый ход.

Но главное здесь — не просто определить сильнейших игроков, а сформировать команду, которая сможет достойно представить Шымкент на республиканском уровне.

Для многих участников шахматы давно стали не просто увлечением, а возможностью проверить свои силы и побороться за победу. На турнир с таким настроем пришла участница соревнований Ляззамат Рамазанова: «Я уже много лет участвую в подобных турнирах. Шахматы — моё любимое увлечение вне работы. Сегодня пришла с настроем хорошо сыграть и, конечно, победить. Очень радует, что в Шымкенте проводят такие соревнования и дают возможность государственным служащим проявить себя».

За шахматными досками — сильнейшие представители государственных органов города. Конечно, для шахматистов важно проверить свой уровень в играх с сильными соперниками и эти соревнования дают такой шанс. Решающие партии — впереди. Кстати, судьи отмечают очень высокий класс участников.

По итогам соревнований сильнейшая команда получит право представить Шымкент в республиканском финале. Подробнее рассказал международный арбитр ФИДЕ Абдикадыр Яхияев: «В турнире среди государственных служащих участвуют 43 шахматиста в составе 11 команд. Приятно удивляет уровень игроков — среди госслужащих действительно много сильных шахматистов. Главная награда турнира — путёвка в финал, который состоится в Астане. Сильнейшая команда по итогам отборочного этапа будет представлять Шымкент на республиканском уровне».

Главный приз этого турнира — возможность представить Шымкент в финале, который пройдет в Астане. Поэтому каждая команда играет за возможность защищать честь города в столице Казахстана.

Otyrar.kz

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...