«Оңтүстік» командасы жасөспірімдер футболы лигасындағы кезекті ойынын өткізді. Шымкенттегі «БИІК» спорт кешенінде өткен кездесуде жергілікті команда «Жайық» клубымен алаңға шықты. Бұл – шымкенттік футболшылар үшін чемпионаттағы маңызды ойындардың бірі.
Бауыржан Райсов, жанкүйер:
«Бүгін «Оңтүстік» пен «Жайық» ойнап жатыр. Менің ұлым да «Оңтүстіктің» сапында, 7-нөмірмен алаңға шығады. Өзім де бала кезімнен футболға қызығамын. Өзім жете алмаған арманымды балам жалғастырып, осы спортта жетістікке жетсе екен деймін».
«Оңтүстік» командасы жасөспірімдер лигасының В тобында қатарынан екі жыл чемпион атанған. Шымкенттік клуб жас футболшылар арасындағы мықты командалардың бірі саналады. Команда жас ойыншыларды тәрбиелеуге ерекше мән береді. Олар осындай бәсекелерде тәжірибе жинап, шеберлігін шыңдайды.
Рамазан Ахмеджанов, жанкүйер:
«Оңтүстікке» үнемі жанкүйер болып жүремін. Бұл командада менің достарым ойнайды. Сондықтан Шымкентте өтетін әр ойынды қалдырмай көруге тырысамын».
Тартысты өткен кездесуде «Оңтүстік» «Жайыққа» 0:1 есебімен жол берді. Осы жеңілістен кейін шымкенттік команда жарыс кестесінде 6-орында тұр.
➖
«Оңтүстік» провел очередной матч в рамках QJ League
ФК «Оңтүстік» провёл очередной матч в рамках QJ League. На поле спортивного комплекса «БИИК» в Шымкенте команда встретилась с «Жайықом» в рамках В-лиги. Для шымкентского клуба это была очередная важная игра чемпионата.
На трибунах за юных футболистов переживают не только болельщики, но и родители. За своего сына в составе «Оңтүстік» пришёл поболеть Бауыpжан Араисов: «Сегодня в рамках QJ League встречаются команды «Оңтүстік» и «Жайық». В составе «Оңтүстік» под седьмым номером играет мой сын Араис Альзаир. Я сам с детства интересуюсь футболом. То, чего мне не удалось добиться в этом спорте, теперь стараюсь поддержать в стремлениях сына».
«Оңтүстік» два года подряд становился чемпионом QJ League в В-лиге, команда считается одним из сильнейших коллективов юношеского футбола в Казахстане. Команда делает ставку на воспитание молодых игроков, которые получают опыт на высоком уровне и постепенно выходят на новый уровень.
У «Оңтүстік» есть и свои постоянные болельщики, которые стараются не пропускать домашние встречи. Среди них — Рамазан Ахмеджанов: «Я болею за «Оңтүстік», здесь играет много моих друзей. Стараюсь приходить на каждый матч команды, который проходит в Шымкенте, и всегда поддерживать ребят с трибун».
В упорной встрече «Оңтүстік» уступил «Жайық» со счётом 0:1.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары