Интернет алаяқтықтан сақ болыңыз! — Xnews — ақпарат агенттігі

Интернет алаяқтықтан сақ болыңыз!

Қазіргі таңда интернет алаяқтық қоғамдағы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Алаяқтар жалған хабарламалар, қоңыраулар, әлеуметтік желідегі парақшалар мен күмәнді сілтемелер арқылы азаматтардың жеке және банк мәліметтерін алуға тырысады.

Интернетте қауіпсіздік ережелерін сақтау өте маңызды. Банк картасының нөмірін, құпиясөзді, SMS арқылы келген кодтарды және басқа да жеке мәліметтерді бөтен адамдарға бермеу қажет. Күмәнді сілтемелерге өтпей, белгісіз қосымшаларды жүктемеу керек.

Егер күмәнді жағдайға тап болсаңыз, ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеріңіз. Қаржылық сауаттылық пен сақтық – интернет алаяқтықтан қорғанудың ең тиімді жолы.

#ИнтернетАлаяқтық #АлаяқтықтанСақтан
#Заңментәртіп
#законипорядок

x

Check Also

Жол апаттары азайғанымен, балалар өлімі алаңдатып отыр

2026 жылдың 10 айында Түркістан облысы бойынша 993 (2025 жылдың 10 айында — 1032) жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылдың ...

Электр энергетикасы – жаңа дәуірдің қозғаушы күші

Қазіргі әлем электр энергиясы экономикалық және технологиялық дамудың негізгі ресурстарының біріне айналған кезеңге қадам басты. Өнеркәсіп өндірісінің өсуі, цифрландыру, жаңа ...