2026 жылғы қаңтар–мамыр айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда 35,1 мың тонна балмұздақ өндірілді.
Өндірістің ең жоғары көлемі Алматы облысына тиесілі – 23,3 мың тонна немесе жалпы өндірістің 66,3%. Ірі өндірушілер қатарында Түркістан облысы (6,0 мың тонна), Алматы қаласы (1,3 мың тонна) және Ақмола облысы (1,1 мың тонна).
Өндірілген өнімнің негізгі бөлігін кілегейлі балмұздақ (15,2 мың тонна) пен пломбир (14,3 мың тонна) құрады. Бұл жалпы өндіріс көлемінің 80% астамына тең.
Сыртқы сауда көрсеткіштері де оң серпін көрсетуде. 2026 жылғы қаңтар–сәуір айларының қорытындысы бойынша қазақстандық балмұздақ экспорты 6,4 мың тоннаны құрап, ақшалай көлемі 24,8 млн АҚШ долларына жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты мәнде 46,4%, ал ақшалай мәнде 77,0% артық.
Сыртқы сауда сальдосы оң деңгейде қалыптасты: экспорт көлемі импорттан 2,9 мың тоннаға асып түсті.
Экспорттың басым бөлігі (99,9%) ТМД елдеріне бағытталды. Негізгі өткізу нарығы – Ресей, оған 4,3 мың тонна өнім жөнелтілді. Сондай-ақ Қырғызстанға экспорт 68,4%, Өзбекстанға 27,7% өсті.
2026 жылғы қаңтар–сәуірде балмұздақ импорты 3,4 мың тоннаны құрап, ақшалай көлемі 12,9 млн АҚШ долларына жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,1% көп. Балмұздақтың негізгі жеткізушілері – Ресей (1,5 мың тонна), Қырғызстан (1,4 мың тонна), Өзбекстан (178,1 тонна) және Түркия (156,0 тонна).
10 маусым – дүниежүзілік балмұздақ күні
Осыдан 240 жыл бұрын, ең алғаш рет 1786 жылы 10 маусымда АҚШ-та Нью-Йоркта балмұздақтың жаппай сатылымы басталған. Сол күннен бастап ресми мәртебесі жоқ мереке жыл сайын осы күні тойланады. Балмұздақтың пайда болу тарихы ежелгі заманнан басталады.
Ең алғаш 3000 жыл бұрын Қытай халқы мұз, қар және жеміс-жидек қоспасынан сергітетін тағамдар жасаған.
Сондай-ақ Грецияда өздерінің суық десерттері болған, олар мұздатылған шырындарға көбірек ұқсайтын.
Еуропада мұздатылған сүтті қолданатын рецепт XIV ғасырда Италияда пайда болды.
Францияда тек XVI ғасырда пайда болды. XVII ғасырдың соңында Жерар Тирсен (франциялық аспаз) сүт және кілегей қосылған мұздатылған ваниль кремінің рецептін жасады, ол «неаполитандық балмұздақ» деп аталды. «Балмұздақ» атауы да Франциядан шыққан.
Балмұздақ жайлы қызықты деректер
• Балмұздақ жайлы алғашқы факт – оны алғашында тек бай адамдар ғана сатып ала алған. Ал бүгінгі таңда әрбір адам үшін қолжетімді.
• Дүние жүзіндегі ең қымбат балмұздақ – АҚШ-та 1000 долларға сатылған. Ол «GOLD» деген атаумен шығады.
• Балмұздақты ең алғаш Ежелгі Қытайда жасады. Еуропаға оны алғаш болып, сол елде саяхатта болған Марко Поло әкелді.
• Балмұздақты француз императоры Наполеон Бонапарт және АҚШ президенті Томас Джефферсон қатты ұнатқан.
• Дәрігерлер тамақ ауруларын алдын алу мақсатында осы тәттіні жеуге кеңес береді. Балмұздақ тамақты шынықтырады. Балмұздақты жиі жейтін адамдарға тұмауға (ЖРВИ) қарсы тұру оңайға түседі.
• Ғалымдар балмұздақтың адамның көңіл-күйін көтере алатынын, сондай-ақ әйелдердің бала көтеру мүмкіндігі жоғары болатынын айтқан.
• Балмұздақ – диеталық тәтті десерт. Ол салмақты бірқалыпты ұстауға көмектеседі. Себебі оның құрамында 20-дан аса ақуызды аминқышқылдар, майлы қышқылдар, дәрумендер мен минералдар (фосфор, магний, калий, темір) бар.
• Оның негізгі тұтынушылары: балалар және 45 жастан асқан адамдар.
• Дәрігерлер тамақ ауруларын алдын алу мақсатында, осы тағамды жеуге кеңес береді.
• Жыл сайын әлемде 15 миллиард литрі тұтынылады. Құрамындағы ең маңызды компоненттердің бірі – ауа.
• Басты өңдіруші және тұтынушы – Америка Құрама Штаттары. Орташа есеппен алғанда, әрбір америкалық жылына 20 килограмм жейді.
• 2007 жылы америкалық халық балмұздақтарға 12 миллиард доллар ақша жұмсаған.
• Оның картоп, сарымсақ, пияз, балық және т.б. жасалатын түрлері бар.
• Ең үлкен балмұздақ Канада елінде жасалды. Оның салмағы – 10 тоннаны құрады!
• Эскимо деп аталатын түрін алғаш Кристиан Нельсон есімді кондитер жасап шығарды.
• Жер бетінде ең көп таралған түрі – ванильді балмұздақтар.
• Португалияда үй жануарларына арнап қантсыз балмұздақтар өңдірілді.
• Мексикадағы ең танымал десерт – қуырылған балмұздақ.
• Ресейде балмұздақтан тұратын ақшақар жасалған. Оның биіктігі – 2 метр, ал салмағы – 300 килограмм болатын.
Қандай балмұздақ таңдаған дұрыс?
Дәрігер-диетологтар балмұздақтың құрамына баса мән беру керектігін ерекше атап өтеді. Себебі оған қант көп қосылады. Майы да аз емес. Ал ондай балмұздақты қауіпсіз десерт деп айтуға болмайды. Мамандардың айтуынша, табиғи өнімнен жасалған балмұздақты таңдау қажет. Құрамы жақсы балмұздақтың өзін мөлшерден көп жеп қойса, денсаулыққа зияны тиеді. Сол себепті кез-келген өнімді тұтынудың өзіндік мөлшері болу керек.
Сондай-ақ, балмұздақтың арқасында адам ағзасында серотонин деп аталатын көңіл-күй гормоны пайда болады. Балмұздақтар депрессиядан шығудың бірден-бір жолы ретінде де ұсынылады.
Есте сақтаңыз, қанша жерден табиғи балмұздақ пайдалы болса да, оны тым көп тұтынуға болмайды. Ал қант диабеті, артық салмақ мен асқазан ауруы бар адамдардың мүлдем тұтынбаған абзал.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары