Мас күйде көлік жүргізгендерге заң қатал — Xnews — ақпарат агенттігі

Мас күйде көлік жүргізгендерге заң қатал

Құрметті азаматтар!

Алкогольдік масаң күйде автокөлік басқару – өз өміріңізге ғана емес, айналаңыздағы адамдардың өмірі мен денсаулығына төнетін үлкен қауіп.

Көлік тізгініне масаң күйде отыру – бір сәттік шешім. Алайда оның салдары ұзақ жылдарға созылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алу және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі қатаң жауапкершілік көзделген.

Егер Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам алкогольдік масаң күйде көлік құралын қайта басқарса, оның әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық ретінде сараланып, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

Есіңізде болсын: алкогольдің әсерімен қабылданған бір ғана шешімнің салдары жылдарға созылуы мүмкін. Сондықтан көлік тізгініне тек сергек күйде отырыңыз.

Жолдағы қауіпсіздік – әрбір азаматтың жауапкершілігі.

Түркістан қаласының прокуратурасы

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...