Заң талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру кездесуі өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Заң талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру кездесуі өтті

«Заң мен Тәртіп» қағидасы аясында Әл-Фараби аудан прокуратурасының бастамасымен Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №69 мекемесінде сотталғандар арасында құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында сотталғандарға заң талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі, қайта қылмыс жасаудың құқықтық салдары және оның жауапкершілігі түсіндірілді.

Сондай-ақ, қылмыстық құқық бұзушылықтарды қайталап жасаған жағдайда жаза түрі мен мерзімінің қатаңдатылатыны, бұл өз кезегінде олардың құқықтық жағдайына кері әсер ететіні атап өтілді.

Іс-шара барысында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, құқықтық түсіндірулер берілді.

Мұндай профилактикалық жұмыстардың негізгі мақсаты – сотталғандардың қайта қылмыс жасауына жол бермеу және олардың заңға бағынатын мінез-құлқын қалыптастыру.

Аталған бағыттағы түсіндіру және профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

Xnews: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен «Заң және тәртіп» қағидаты Әділетті Қазақстанның басты тірегі болып табылады. Құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстың алдын алу мақсатында жаңа заңдар қабылданып, ішкі істер органдарының жұмысын цифрландыру және профилактикалық тетіктерді жетілдіру бойынша жүйелі шаралар іске асырылуда.

Алдын алудың негізгі тетіктері мен бағыттары:
• Заңнамалық базаны жаңарту: Президент қол қойған «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» жаңа заң алдын алу шараларына қатысатын мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін кеңейтті. Олардың іс-әрекеттерін үйлестіру үшін Үкімет пен әкімдіктер жанынан ведомствоаралық комиссиялар құрылды.
• Инновациялар мен цифрландыру: Қылмыстардың алдын алуға бейнебақылау камералары, аппараттық-программалық кешендер (дрондар) белсенді енгізілуде. Бұл құқық қорғау органдарына азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жылдам әрі сапалы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
• Әкімшілік рақымшылық: Қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндірмейтін азаматтарға қолдау көрсету және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін елімізде тұңғыш рет әкімшілік амнистия жасалып, айыппұлдарды есептен шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
• Қылмыстың алдын алу шаралары: Ішкі істер министрлігінің 2026 жылға арналған басым міндеттерінің қатарында қылмыс деңгейін төмендету, профилактиканы тереңдету және ішкі істер органдарының ашықтығын арттыру арқылы халықтың сенімін нығайту бар.

#заңментәртіп

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...