Заң мен тәртіп: Шымкентте «Stop Graffiti» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде — Xnews — ақпарат агенттігі

Заң мен тәртіп: Шымкентте «Stop Graffiti» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Шымкент қаласы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 8-14 маусым аралығында қала аумағында «STOP GRAFFITI» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның басты мақсаты – есірткі құралдарын насихаттайтын заңсыз граффити жазбаларын анықтау және жою, сондай-ақ жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттырып, заңға құрмет мәдениетін қалыптастыру.

Айта кету қажет, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1-бабына сәйкес есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын немесе прекурсорларды насихаттау не заңсыз жарнамалау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады және 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Полиция департаменті қала тұрғындарын қоғамдық тәртіпті сақтауға, қоршаған орта тазалығына ұқыпты қарауға және құқық бұзушылықтарға бейжай қарамауға шақырады. Заң мен тәртіпті сақтау – қауіпсіз қоғам мен жарқын болашақтың берік негізі.

Анытама. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы «STOP GRAFFITI» (немесе «Антиграффити») — бұл Қазақстанның түрлі аймақтарында (Шымкент, Астана, Тараз, Орал, Қарағанды және т.б.) полиция департаменттері, жастар ресурстық орталықтары мен еріктілердің қатысуымен өтетін жедел-профилактикалық акция.

Шараның басты мақсаттары:
• Есірткі жарнамасын жою: Ғимараттар мен қоғамдық орындардың қабырғаларындағы синтетикалық есірткі құралдарын насихаттайтын заңсыз граффити жазбалары мен QR-кодтарды анықтап, бояп тастау.
• Құқықтық мәдениетті арттыру: Жастар арасында заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпке бағыну және вандализмнің құқықтық салдарын түсіндіру.
• Қала келбетін сақтау: Кәсіпкерлер мен тұрғындарды ғимараттардың сыртқы көрінісін таза ұстауға және заңсыз жазуларға бейжай қарамауға шақыру.

Қатысушылар мен жүргізілетін жұмыстар:
• Рейдтер ұйымдастыру: Еріктілер мен полиция қызметкерлері көшелерді аралап, күмәнді жазуларды тексереді.
• Бояу жұмыстары: Анықталған заңсыз сілтемелер мен жарнамалар арнайы бояулармен толықтай өшіріледі.
• Түсіндіру жұмыстары: Жастарға есірткінің зияны және оны таратқаны (соның ішінде граффити жазғаны) үшін қылмыстық жауапкершілік бар екені ескертіледі.

Заңсыз есірткі жарнамасы үшін кінәлі тұлғалар ҚР ҚК-нің 299-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып, үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...