Заң мен тәртіп қағидаты: Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл — Xnews — ақпарат агенттігі

Заң мен тәртіп қағидаты: Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл

Қазақстан Республикасы ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша мамандандырылған күзет қызметі басқармасының мәжіліс залында интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелеріне арналған профилактикалық семинар-кеңес өткізілді.

Іс-шараға басқарма басшылығы, бөлім басшылары, аппарат қызметкерлері және Шымкент қаласындағы 1-полиция батальонының жеке құрамы қатысты.

Семинар барысында интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, азаматтардың жеке деректерін қорғау, сондай-ақ алаяқтық әрекеттердің алдын алу бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Баяндамашылар ретінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері, полиция капитандары Ердаулет Қанатұлы Ералиев пен Бақытжан Тұрсынбайұлы Бекбаев сөз сөйледі.

Кездесу барысында интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндіріліп, жеке деректерді қорғаудың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, қатысушыларға алаяқтардың кең таралған тәсілдері мен олардан сақтану жолдары жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.

Іс-шара соңында қатысушыларға профилактикалық ұсынымдар ұсынылып, қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Еске салсақ, Президент қазіргі таңда цифрлық кеңістіктегі қауіптердің күшейіп отырғанына назар аударды. Оның пікірінше, киберқылмыс пен жалған ақпарат тарату мәселесі халықаралық деңгейдегі өзекті сын-қатерге айналған.

Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау жүйесін цифрландыру үдерісі біркелкі емес, яғни әр жерде әрқалай жүргізіліп жатқанына назар аударды.

– Әр мекеме цифрлық жүйесін өз бетімен дамытуда. Бұл шаруа жүйесіз жүргізіліп жатыр. Біртұтас жүйе жоқ. Мысалы, кейбір органдар цифрлық тәсілдерді ұтымды қолданып жұмыс істесе, кейбірі дұрыс амал-тәсіл таба алмай, қыруар қаржы жұмсап жүр. Бұл, басқа сөзбен айтқанда, нағыз жымқыру. Сондықтан қаражатты орынсыз жұмсап, жаңа дүние жасаудың қажеті жоқ. Үкіметке қолданыстағы барлық цифрлық шешімдерді саралап, тексеріп, олардың тиімділігін арттыруды тапсырамын. Күштік құрылымдарға арналған түсінікті құрылымы бар және технологиялық стандарттары біркелкі бірыңғай цифрлық экожүйе жасалуға тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

Президент ақпараттық кеңістікте азаматтардың дербес деректерінің таралуы жиілеп кеткенін атап өтіп, оларды қорғау бағытындағы жұмыспен жүйелі түрде айналысу қажет екенін айтты. Мемлекет басшысы киберқылмыспен күрес мәселесіне де тоқталды.

– Әлемде киберқылмыс өршіп барады. Жыл сайын мыңдаған азаматымыз соның құрбаны болып жатыр. Қазір ин­тер­­неттегі алаяқтық қылмыстардың бес­т­ен бірі ғана ашылады. Бұл – өте төмен көр­сеткіш. Киберқылмыспен күрес тәсіл­дерін түбегейлі қайта қарау қажет. Цифр­лық қатерге төтеп беру үшін құқық қор­ғау органдары бір қадам алда жүруге тиіс. Озық ойлап, артта қалмау­дың амалын табу қажет, – деді Президент.

Президент әлеуметтік желіде ақпарат таратуда заң талаптары ескерілуі қажет екенін жеткізді.

– Технологияның қарқынды дамуы ақпараттық кеңістіктің түбегейлі трансформациясына жол ашады. Қоғамды жікке бөліп, азаматтарды бір-біріне қарсы қоятын деструктивті ақпарат таратуға бейіл адамдар да бар. Мұның бәрі өшпенділікке бастайтын ешкімге қажетсіз, тіпті қауіпті пікірталасқа жалғасады. Жасанды интеллектіні осындай адамдар ақпараттық қаруға айналдырып, заңға қайшы келетін контенттерді көптеп тарата бастайды. Бұған жол беруге болмайды. Ондай әрекеттерге құқықтық баға беріп, жауапкершілікке тарту қажет. Азаматтарға деструктивті кон­тент­ті таратудың құқықтық салдары жөнін­де үнемі түсіндіру жұмыстарын жүр­гіз­ген жөн, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...