«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында профилактикалық жұмыстар жалғасуда — Xnews — ақпарат агенттігі

«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында профилактикалық жұмыстар жалғасуда

«Заң мен Тәртіп» қағидаты және «Айқын нәтиже» жобасын жүзеге асыру мақсатында Қаратау ауданы прокуратурасының үйлестіруімен аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы мен полиция басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен алкоголь өнімдерін заңсыз және лицензиясыз саудалаудың алдын алу және жолын кесу мақсатында алкоголь өнімдерін сататын сауда орындарына тексеру жұмыстары жүргізілді.

Жүргізілген шара барысында алкоголь өнімдерін заңсыз және лицензиясыз саудалаудың 16 фактісі анықталды. Нәтижесінде жалпы құны 7,7 млн теңгені құрайтын 6 844 бірлік алкоголь өнімі заңсыз айналымнан алынды. Қазіргі уақытта кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту бойынша шаралар қабылдануда.

Өз кезегінде Қаратау ауданының прокуратурасы алкоголь өнімдерін жиырма бір жасқа толмаған тұлғаларға сатуға, заңда белгіленбеген уақытта өткізуге, сондай-ақ арнайы лицензиясыз саудалауға заңмен тыйым салынғанын ескертеді. Аталған құқық бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделген.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы елімізде ауқымды өзгерістер жасалып жатқанын және алдымызда Конституциялық реформа жүргізу, мүлде жаңа саяси жүйеге қадам басу міндеті тұрғанын айтты. Сонымен қатар жаңа дәуірде барлық салаға цифрландыру мен жасанды интеллектіні жаппай енгізу жұмысымен белсенді түрде айналысу қажет екенін атап өтті.

Кейбір шет елдерде болып жатқан қазіргі өте күрделі ахуалды көріп, бұл саясатымыздың дұрыстығына бәріміздің көзіміз жетіп отыр, оған ешқандай күмән жоқ. Заң мен тәртіп мемлекеттік саясатымыздың негізгі қағидаты ретінде қабылдануы керек, бұл қағидатты жаңа Конституциямызға міндетті түрде енгізу қажет деп санаймын. Себебі бұл ешқашан өзектілігін жоғалтпайтын, өміршең қағидат екені даусыз. Бас прокуратураның осы саладағы рөлі аса маңызды. Прокуратура қызметкерінің заңның бұзылуына бейтарап, селқос қарауға құқығы жоқ, — деді ол.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...