Осы қағиданы басшылыққа ала отырып, Шымкент қаласы аумағындағы қылмыстық ахуалды жақсарту, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, отбасындағы зорлық-зомбылық фактілерін азайту және болдырмау мақсатында Департамент бастығының нұсқауына сәйкес 5–14 маусым аралығында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқықтық мәдениетті арттыруға ерекше назар аударылады.
Егер сіз отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында орын алған құқық бұзушылық немесе қылмыс фактілерінің куәгері болсаңыз, дереу «102» арнасына хабарлауыңызды сұраймыз.
Заң талаптарын сақтау мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету – әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Xnews: Қоғамның тұрақты дамуы мен азаматтардың әл-ауқаты ең алдымен қауіпсіздік пен заң үстемдігіне байланысты. Заң талаптарының сақталуы, қоғамдық тәртіптің қамтамасыз етілуі және әр азаматтың құқықтарының қорғалуы – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидаты еліміздегі құқықтық саясаттың басты бағыттарының біріне айналды.
Президент өз Жолдауларында және түрлі деңгейдегі жиындарда әділетті қоғам құрудың негізгі шарты ретінде заңның үстемдігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше тоқталып келеді. Өйткені заң үстемдік құрған жерде ғана қоғамдық тұрақтылық сақталып, азаматтардың мемлекетке деген сенімі артады. Ал құқық бұзушылыққа төзбеушілік мәдениеті қалыптасқан қоғамда қауіпсіз өмір сүруге барлық мүмкіндік жасалады.
Бүгінде елімізде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағыттағы іс-шаралар тек құқық қорғау органдарының қызметімен шектелмейді. Мемлекеттік мекемелер, білім беру ұйымдары, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам белсенділері бірлесе отырып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосып келеді.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары