Шымкентте мектеп медицинасы қызметін цифрландыру жұмыстары күшейтілуде — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте мектеп медицинасы қызметін цифрландыру жұмыстары күшейтілуде

Шымкент қаласында мектеп медицинасы қызметінің тиімділігін арттыру және цифрландыру бағытындағы жұмыстар қарқын алған. Қазіргі таңда қаладағы 270 мектепке 40-қа жуық медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымы қызмет көрсетеді. Мектеп медицинасымен 264 мыңнан астам оқушы қамтылған.

Мектептердегі медициналық қызметтердің сапасын арттыру, өндірістік базалардың талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету және оларды Qalqan цифрлық платформасына енгізу бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бұл шаралар медициналық көмектің қолжетімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған.

Аталған бағыттағы жұмыстар «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәуле Дүйсенбаеваның және медициналық ұйым басшыларының қатысуымен өткен штаб отырысында қаралды. Жиында мектеп медицинасы саласындағы цифрландыру және өндірістік базаларды жүйелеу жұмыстары жөнінде баяндама жасалды.

Жиында мектеп медицинасы қызметін ұйымдастырудың өзекті мәселелері, медициналық ұйымдардың өндірістік базаларының сәйкестігі және Qalqan платформасында жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелері атап көрсетілді. Сонымен қатар цифрландыру деңгейін арттыру және деректерді бірыңғай жүйеге енгізу бойынша алдағы міндеттер айқындалды.

-Qalqan платформасын дамыту медициналық ұйымдардың қызметін тиімді басқаруға, жүйенің ашықтығын қамтамасыз етуге және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде мектеп оқушыларына медициналық көмекті ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға және балалар арасында ауруды ерте анықтауға да ықпал етеді, -деді Қор филиалының директоры Сәуле Дүйсенбаева.

Шымкент қаласында мектеп медицинасы инфрақұрылымын жетілдіру, цифрлық шешімдерді енгізу және балалардың денсаулығын қорғау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да қарқынды жүргізілмек.

➖

В Шымкенте усиливается цифровизация службы школьной медицины

В Шымкенте активно реализуются меры по повышению эффективности и цифровизации службы школьной медицины. В настоящее время медицинское обслуживание 270 школ города обеспечивают около 40 организаций первичной медико-санитарной помощи. Медицинским сопровождением охвачено более 264 тысяч школьников.

Работа по повышению качества медицинских услуг в школах, обеспечению соответствия производственных баз установленным требованиям, а также их интеграции в цифровую платформу Qalqan проводится поэтапно. Эти меры направлены на повышение доступности и прозрачности медицинской помощи.

Ход реализации работ по данному направлению был рассмотрен на заседании штаба с участием директора филиала НАО «Фонд социального медицинского страхования» по городу Шымкент Сауле Дуйсенбаевой и руководителей медицинских организаций.

В ходе выступления были представлены актуальные вопросы организации школьной медицины, результаты оценки соответствия производственных баз медицинских организаций установленным требованиям, а также итоги работы, проводимой на платформе Qalqan. Кроме того, были определены дальнейшие задачи по повышению уровня цифровизации и интеграции данных в единую информационную систему.

— Развитие платформы Qalqan позволит повысить эффективность управления деятельностью медицинских организаций, обеспечить прозрачность системы и улучшить качество оказываемых услуг. В свою очередь это будет способствовать повышению эффективности организации медицинской помощи школьникам, а также раннему выявлению заболеваний среди детей, — отметила директор филиала Фонда Сауле Дуйсенбаева.

Работа по совершенствованию инфраструктуры школьной медицины, внедрению цифровых решений и укреплению системы охраны здоровья детей в Шымкенте будет продолжена и в дальнейшем.

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...