Шымкент қаласының әкімі қаланы аралау барысында бірқатар нысандардың жұмысымен танысты — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент қаласының әкімі қаланы аралау барысында бірқатар нысандардың жұмысымен танысты

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті қаланы аралау барысында Таскен тұрғын алабында болды. Бұған дейін көшпелі кездесу кезінде тұрғындар №151 мектепке апаратын жолдың қолайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін көтерген болатын. Осыған байланысты қала әкімі елдімекенге арнайы барып, жағдаймен танысып, жауапты тұлғаларға мәселені жан-жақты зерделеп, мектепке кіреберіс жол ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Одан кейін қала әкімі «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусинмен бірге жедел медициналық жәрдем станциясына интеллектуалды смарт-видеожетондарды табыстау рәсіміне қатысты. Шымкент жедел жәрдем бригадаларын смарт-видеожетондармен толық қамтамасыз еткен еліміздегі алғашқы қала атанды. Жалпы медицина қызметкерлеріне 240 құрылғы берілді.

Жоба үш ай бойы пилоттық режимде сынақтан өткен. Смарт-видеожетондар жедел жәрдем қызметкерлерінің шақырту кезіндегі жұмысын бейнетіркеуге, төтенше жағдайларда дабыл сигналдарын жедел жолдауға, сондай-ақ деректерді орталықтандырылған түрде сақтап, өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл бастама медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін арттырып, олардың құқықтарын қорғауға және даулы жағдайларда объективті дәлелдемелік база қалыптастыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар қала басшысы «Shymkent City» шағынауданында салынып жатқан «Kerege Center» гастроорталығының құрылысымен танысты. Жоба гастрономиялық туризмді дамытуға, заманауи мейрамхана инфрақұрылымын қалыптастыруға және қала тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы орта құруға бағытталған.

Қаланы аралау аясында Тұран ауданындағы Қаныбеков және Ақжиек көшелерінде жүргізіліп жатқан асфальт төсеу жұмыстары да тексерілді. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жұмыстардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Аралау соңында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадион аумағында орналасқан қонақүйдің күрделі жөндеу нәтижесі қаралды. Нысан республикалық және халықаралық жарыстарға қатысатын спортшылар мен ресми делегацияларды орналастыруға арналған.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...