Шымкент қаласында шомылу маусымындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент қаласында шомылу маусымындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2026 жылғы 20 наурыздағы №123 бұйрығына сәйкес, Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті шомылу маусымы кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар атқаруда.

Қала аумағында суда жаппай демалу, туризм және спорт үшін 5 ресми орын белгіленген. Оның ішінде 3 орында шомылуға рұқсат етілген. Олар – Тоғыс су қоймасындағы «Райский пляж» демалыс орны, Бадам су қоймасындағы «Рахат Бадам» демалыс орны және Қошқар ата өзенінің бастауы.

Шомылу маусымына дайындық аясында демалыс аймақтарының иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, судағы қауіпсіздік талаптарына сәйкес демалыс орындарын жабдықтау мәселелері қаралды. Құтқару бөлімшелерінің дайындығы пысықталып, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша оқу-жаттығулар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында судағы қауіпсіздік тақырыбында интерактивті және ашық сабақтар, практикалық іс-шаралар мен сынып сағаттары өткізілуді. Жалпы алғанда, мыңнан астам оқушы қауіпсіздік шаралары бойынша оқытылды.

Тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, LED экрандар арқылы арнайы бейнероликтер көрсетілуде. Сондай-ақ, тұрғындардың ұялы телефондарына 112 қызметі арқылы қауіпсіздікке қатысты ескерту хабарламалары жолдануда.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларды жүзуге үйрету жұмыстары да жалғасуда. Өткен жылы осы бағытта 11 меморандум жасалып, 1400-ден астам бала қамтылған болатын.

Департамент азаматтарды тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда ғана шомылуға, балаларды қараусыз қалдырмауға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Су айдындарындағы қауіпсіздік – әр азаматтың жауапкершілігі.

Толығырақ: https://youtube.com/live/DVYPfFuQjGo

#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...