Шымкент пен Әзербайжан туроператорлары арасында B2B кездесу өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент пен Әзербайжан туроператорлары арасында B2B кездесу өтті

Шымкент пен Әзербайжан туроператорлары арасында «business-to-business» кездесуі өтіп, 7 меморандумға қол қойылды.

2026 жылғы 17 маусымда Баку – Шымкент бағытындағы алғашқы тікелей әуе рейсінің ашылуына орай Әзербайжан Республикасынан келген туристік сала өкілдері мен Шымкент қаласының туроператорлары арасында B2B форматындағы іскерлік кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға туристік индустрияның 60-қа жуық өкілі қатысты. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы туристік ынтымақтастықты кеңейту, туристік ағынды арттыру және бірлескен туристік өнімдерді дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша Шымкент және Әзербайжан туристік компаниялары арасында ынтымақтастық жөніндегі 7 меморандумға қол қойылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жаңа тікелей әуе рейсінің іске қосылуы екі ел арасындағы туристік байланыстарды нығайтып, Шымкент қаласының туристік әлеуетін халықаралық деңгейде ілгерілетуге мүмкіндік береді.

«Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы» КММ

➖

Между туроператорами города Шымкент и Азербайджана состоялась B2B-встреча

Между туроператорами города Шымкент и Азербайджана состоялась встреча «business-to-business», подписано 7 меморандумов.

17 июня 2026 года в связи с открытием первого прямого авиарейса по маршруту Баку – Шымкент состоялась деловая встреча в формате B2B между представителями туристической отрасли Азербайджанской Республики и туроператорами города Шымкент.

В мероприятии приняли участие около 60 представителей туристической индустрии. В ходе встречи стороны обсудили вопросы расширения сотрудничества между туристическими компаниями двух стран, увеличения туристического потока и развития совместных туристических продуктов.

По итогам встречи между туристическими компаниями города Шымкент и Азербайджана было подписано 7 меморандумов о сотрудничестве. Как отметили организаторы, запуск нового прямого авиасообщения будет способствовать укреплению туристических связей между двумя странами и продвижению туристического потенциала города Шымкент на международном уровне.

КГУ «Управление туризма, внешних связей и креативной индустрии города Шымкент»

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...