Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу және «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында түнгі рейдтік іс-шаралар өткізілді.
Рейд барысында ойын-сауық орындарында қорқор (кальян) пайдалану деректері мен кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз қоғамдық орындарда болуы анықталды. Аталған фактілер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданды.
Іс-шара аясында тұрғындарға заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау, азаматтық жауапкершілікті арттыру және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді.
Xnews: Елдегі заң үстемдігі, әлеуметтік теңдік, билік пен халық арасындағы ашық диалог – тұрақтылық пен өркендеуге бастар жол. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында «Біздің қоғамымызда заң мен тәртіп үстемдік құруға тиіс. Бұл – бүкіл қоғамның және әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ең басты талап. Біз сонда ғана Әділетті, Таза және Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз» деп атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету тапсырмасы аясында Қазақстанның барлық өңірлерінде құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілетін ауқымды профилактикалық іс-шара. Түнгі тексерістерді полиция қызметкерлері, прокуратура, әкімдік өкілдері және жастар ресурстық орталықтарының мамандары бірлесе жүргізеді. Қала тыныштығы әрдайым назарда болуы тиіс. Сондықтан күшейтілген рейдтік іс-шаралар үздіксіз жалғаса бермек.
«Заң мен тәртіп» қағидаты – әрбір азаматтың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты кепілі. Заң талаптарын сақтау – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Барша тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, заң талаптарын құрметтеуге және қауіпсіз орта қалыптастыруға үлес қосуға шақырамыз.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары