Былтыр Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи-мәдени мұраны сақтау мен кеңінен танытуға бағытталған бірқатар бастама көтерген болатын. Солардың бірі – Орталық Азия елдерінің тарихи-мәдени мұрасын біріктіруге арналған бірыңғай цифрлық платформаны құру, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Аталмыш жобаны іске асыру мақсатында «Қазқайтажаңарту» мекемесінің кеңсесінде платформаға құжаттарды жүктеу жұмыстары басталды. Еліміздің мамандары үшін Лондон университеттік колледжінің (UCL) өкілдері шеберлік сабағын өткізіп, материалдарды цифрландыру, жүйеге жүктеу, сақтау және жүйелеу тәртібін түсіндірді.
Цифрлық платформаның орталық серверлік торабы «Қазқайтажаңарту» РМК базасында жұмыс істейтін болады. Платформа арқылы Орталық Азия елдерінің жәдігерлері, құжаттары, фотосуреттері мен ғылыми зерттеулері бір ортақ цифрлық қорда жинақталады. Материалдарды ғалымдар ғана емес, көпшілік те еркін пайдалана алады.
«Орталық Азияның археологиялық ландшафттары» жобасы «Қазқайтажаңарту» РМК мен Лондон университеттік колледжі (UCL) арасында жасалған келісім аясында жүзеге асырылып келеді. Жобаға Arcadia қайырымдылық қоры қолдау көрсетіп отыр.
➖
В Казахстане создается цифровая платформа наследия Центральной Азии
В прошлом году Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев озвучил ряд инициатив, направленных на сохранение и популяризацию историко-культурного наследия. Одной из таких инициатив стало создание единой цифровой платформы историко-культурного наследия стран Центральной Азии, сообщает Министерство культуры и информации РК.
В рамках реализации этой работы в РГП «Казреставрация» стартовал практический этап – загрузка документов на платформу. Для казахстанских специалистов представители Университетского колледжа Лондона (UCL) провели мастер-класс, где разъяснили порядок оцифровки, загрузки, хранения и систематизации материалов.
Отметим, Центральный серверный узел платформы будет размещен в РГП «Казреставрация». Платформа позволит объединить артефакты, документы, фотографии и исследования из разных государств региона в одном виртуальном пространстве. Материалы, размещенные на платформе, будут доступны не только исследователям, но и широкому кругу пользователей.
Проект «Археологические ландшафты Центральной Азии» реализуется в рамках соглашения между РГП «Казреставрация» и Университетским колледжем Лондона (UCL) при поддержке благотворительного фонда Arcadia.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары