«Ордабасы» камбэк жасап «Қайратты» ҚПЛ көшбасшылғынын ығыстырды — Xnews — ақпарат агенттігі

«Ордабасы» камбэк жасап «Қайратты» ҚПЛ көшбасшылғынын ығыстырды

Қазақстан Премьер-лигасының 12-турындағы матчта шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында алматылық «Қайратты» 2:1 есебімен ұтып, турнирлік кестедегі бірінші орыннан ығыстырды.

Ойынды алматылық ұжым белсенді бастады. Алғашқы минуттардан-ақ допқа үстемдік етіп 14-минутта есеп ашты. «Қайраттың» португалиялық шабуылшысы Жоржиньо қақпаны дәл көздеп, қонақтарды алға шығарды.

Алайда алаң иелері тез ес жиды. Дер кезінде қорғаныстағы өз қателіктерін түсігіп, шабуылды үдетті. «Ордабасы» бірінші тайм аяқталғанша таразы басын теңестірді. 28-минутта клубтың камерундық қорғаушысы Ги-Марселин Килама мергендік танытып, есепті 1:1-ге жеткізді.

Екінші таймда шымкенттік ұжымның үздіксіз шабуылдары 64-минутта жемісін берді. Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Эльхан Астанов «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбековті қапы қалдырып, маңызды голды соқты.

Бұл «Қайрат» үшін осы маусымдағы алғашқы жеңіліс болды, бұған дейін алматылықтар 18 матч бойы жеңілмеген болатын.

Осы жеңістен кейін «Ордабасы» ұпай санын 28-ге жеткізіп, Қазақстан Премьер-лигасының турнир кестесінде бірінші орынға шықты. Ал «Қайрат» 26 ұпаймен екінші сатыда қалды.

Келесі турда «Ордабасы» Семейге «Елімайға» қонаққа барады. Ал «Қайрат» өз алаңында «Атырауды» қабылдайды.

Шотландиядан Шымкентке: «Ордабасы» Чесноковты елге қайтармақ

Шымкенттік клуб Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы әрі шотландиялық «Хартстың» ойыншысы Ислам Чесноковтың трансфері бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы Bad Football телеграм-арнасы хабарлады.

«Чесноков Шымкентке ауысуы мүмкін. Алдымен шотландиялық инсайдерлер Исламның елге оралуы ықтимал екенін жазды. Кейін бұл ақпаратқа қазақстандық дереккөздер де қосылды. Оған қызығушылық танытатын клубтар аз емес, бірақ футболшыны елге қайтару бағытында нақты әрі жүйелі жұмыс істеп жатқан жалғыз қазақстандық команда — “Ордабасы», — делінген хабарламада.

Ислам Чесноков 2026 жылдың қаңтарында ресии түрде шотландиялық «Хартс» клубының ойыншысы атанды. Ол бұған дейін «Тобыл» сапында өнер көрсетіп, шотландиялық командаға еркін агент ретінде ауысқан.

Қазақстандық жартылай қорғаушы «Хартс» құрамында барлық турнирде 11 матчқа қатысып, 1 гол соқты. Маусым қорытындысы бойынша Чесноков командасымен бірге Шотландия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Әзірге тараптар трансфер жөнінде ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Дегенмен қазақстандық футболшының елге оралуы мүмкін екені туралы ақпарат жанкүйерлер арасында қызу талқыланып жатыр.

x

Check Also

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық кезеңинде ақпараттық кеңістікке мониторинга жүргізуді жалғастыруда

Дауыс беру күні жақындахан сайын әлеуметтик желалерде сайлауды әділ ұйымдастыруға күмән келтиретін жарияланымдар санының арта тюсетіні белгілі. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай ...

Социальная поддержка, экология и предпринимательство: главные темы агитационной кампании

В рамках предвыборной кампании политические партии продолжают проводить мероприятия в различных регионах страны. Встречи проходят с участием трудовых коллективов, представителей ...