–Біз Орталық Азия мен Қазақстанның әлемде геосаяси тұрғыдан маңызды рөл атқаратынын білеміз. Қазақстан Еуропа Одағының стратегиялық серіктесі саналады. Кипр – Еуропа Одағына мүше мемлекет ретінде қазақстандық инвесторлар мен компаниялар үшін еуропалық нарыққа шығатын сенімді қақпа. Біз Еуропа Одағы стандарттарына толығымен сай келетін нақты іскерлік ортаны ұсынамыз. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, финтех, инвестициялық қорлар, кеме қатынасы, туризм, білім беру, жаңартылатын энергия және инфрақұрылым екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына айнала алады. Бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығына баруды жоспарлап отырмын. Аталған орталықпен әріптестікті, әсіресе қаржы қызметтері мен «жасыл» қаржыландыру салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуде зор әлеует бар, – деді Кипр Президенті.
Мемлекет басшысы нәтижелі экономикалық күн тәртібіне қол жеткізу үшін үкіметтер күшін үйлестіру маңызды деп санайды.
Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Экономикалық ынтымақтастықтың 2028 жылға дейінгі жол картасын әзірлеуді ұсынды. Президент Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңес құру, сондай-ақ сауда делегацияларымен тұрақты алмасу жөнінде бастама көтерді.
Тараптар сауда, инвестиция, көлік-логистика, цифрлық коммуникация, жасанды интеллект және қаржы салаларындағы ықпалдастықты нығайту перспективасын талқылады.
Сонымен қатар мәдениет, білім, спорт және туризм бағыттарындағы байланысты кеңейту мүмкіндігіне назар аударды.
➖
Никос Христодулидис отметил, что его визит в Казахстан является важной вехой в развитии двусторонних отношений
– Мы признаем геополитическую важность Центральной Азии и роль Казахстана в мире. Казахстан является стратегическим партнером Европейского союза. Кипр, являясь государством – членом Европейского Союза, может служить надежными воротами на европейский рынок для инвесторов и компаний из Казахстана. Мы предлагаем предсказуемую деловую среду, полностью соответствующую стандартам ЕС. Ключевыми направлениями сотрудничества могут стать информационно-коммуникационные технологии, финтех, инвестиционные фонды, судоходство, туризм, образование, возобновляемая энергетика и инфраструктура. Имеется значительный потенциал для расширения сотрудничества с МФЦА «Астана», который я планирую посетить сегодня, особенно в сфере финансовых услуг и «зеленого» финансирования, – сказал Президент Кипра.
Глава нашего государства считает важным скоординировать усилия правительств для достижения результативной экономической повестки.
В этой связи Касым-Жомарт Токаев предложил разработать Дорожную карту экономического сотрудничества до 2028 года. Он также инициировал создание Межправительственной комиссии по экономическому сотрудничеству и Делового совета, а также проведение регулярных обменов торговыми делегациями.
Стороны также обсудили перспективы укрепления взаимодействия в торговле и инвестициях, транспорте и логистике, цифровых коммуникациях и искусственном интеллекте, финансах.
Отмечен значительный потенциал для расширения связей в сферах культуры, образования, спорта и туризма.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары