2026 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстанда экономиканың бірқатар негізгі салаларында жұмыспен қамтылғандар саны артты.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіпте, құрылыста, білім беру саласында, сондай-ақ денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында өсім байқалды.
Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі бұрынғысынша көтерме және бөлшек сауда, сондай-ақ автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу саласына тиесілі. Бұл салада 1 571,4 мың адам жұмыс істейді, бұл жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 16,7% құрайды.
Білім беру саласында 1 251,0 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5% артық. Өнеркәсіп саласында жұмыскерлер саны 1 185,7 мың адамға жетіп, 2,0% артты. Оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында 298,3 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл 2025 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда 3,4% көп.
Жұмыспен қамтылғандар саны құрылыс саласында да өсіп, 643,8 мың адамды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде 624,8 мың адам, ал денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында 616,7 мың адам жұмыс істейді. Көлік және қоймалау саласында 663,2 мың адам жұмыспен қамтылған.
Жалпы, 2026 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша халықты жұмыспен қамту құрылымы тұрақты сақталып, экономиканың негізгі салаларының басым бөлігінде жұмыспен қамтылғандар санының оң динамикасы жалғасуда.
➖
Численность занятого населения в ключевых отраслях экономики продолжает расти
По итогам I квартала 2026 года в Казахстане увеличилась численность занятого населения в ряде ключевых отраслей экономики. По сравнению с аналогичным периодом прошлого года рост отмечен в промышленности, строительстве, образовании, а также в здравоохранении и социальном обслуживании населения.
Наибольшее число занятых по-прежнему сосредоточено в сфере оптовой и розничной торговли, а также ремонта автомобилей и мотоциклов. В этой отрасли работают 1 571,4 тыс. человек, или 16,7% от общей численности занятого населения.
В сфере образования заняты 1 251,0 тыс. человек, что на 0,5% больше, чем годом ранее. В промышленности численность работников достигла 1 185,7 тыс. человек, увеличившись на 2,0%, в горнодобывающей промышленности и разработке карьеров — 298,3 тыс. человек, что на 3,4% больше по сравнению с I кварталом 2025 года.
Рост занятости также зафиксирован в строительстве, где работают 643,8 тыс. человек, в обрабатывающей промышленности - 624,8 тыс. человек, а в сфере здравоохранения и социального обслуживания населения — 616,7 тыс. человек. В сфере транспорта и складирования заняты 663,2 тыс. человек.
В целом по итогам 1 квартала 2026 года структура занятости населения остается стабильной, а в большинстве ключевых отраслей экономики сохраняется положительная динамика численности занятых.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары