Боксшы Нұржан Қосмамбетовты еске алуға арналған турнир өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Боксшы Нұржан Қосмамбетовты еске алуға арналған турнир өтті

Бүгін, Шымкентте КСРО спорт шебері, боксшы Нұржан Қосмамбетовті еске алуға арналған бокс турнирінің салтанатты ашылу рәсімі өтіп, алғашқы жекпе-жектер басталды. Турнир Қазақстан Республикасы Кубогының бағдарламасына енгізілген. Рингке 2011 жылы туған 350-ден астам спортшы шығады.

«Шымкент» кәсіби бокс клубында 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Нұржан Қосмамбетовті еске алуға арналған Қазақстан Республикасы Кубогы өтуде. Нұржан Қосмамбетов – өңірлік, республикалық, одақтық және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы. Бұл жарыстар жас спортшыларды даярлауға арналған тамаша алаң болып табылады.

Турнирге еліміздің барлық 20 өңірінен келген боксшылар қатысуда. Қазақстан Кубогы жас спортшыларға өз шеберліктерін шыңдап, жоғары деңгейдегі жарыстарға дайындалуға үлкен мүмкіндік береді. Осындай турнирлерде тәжірибе жинаған жас былғары қолғап шеберлерінің арасынан болашақ чемпиондар өсіп шығып, әртүрлі деңгейдегі жарыстарда ел намысын абыроймен қорғайтын болады. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болады.

– Қазақстанның барлық облыстары мен республикалық маңызы бар қалаларынан келген 20 команда қатысып жатыр. Барлығы 2011 жылы туған 350 спортшы бақ сынауда. Бұл жарыстың ерекшелігі – қазіргі уақытта айқын фавориттер жоқ. Осы жарыстың жеңімпаздары жыл соңында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болады. Турнир спортшылардың дайындығын тексеруге арналған жақсы алаң саналады. Жарыстан кейін оқу-жаттығу жиындары өтеді. Сол жиындар спортшылардың бір реттік жарысқа ғана емес, ұзақ мерзімді дайындық процесіне қаншалықты әзір екенін көрсетеді, – деді Қазақстан бокс федерациясының төрешілер алқасының төрағасы, жарыстың бас төрешісі Дінмұхамед Абайхан.

➖

Памяти боксера Нуржана Космамбетова

Состоялось торжественное открытие и первые поединки турнира по боксу памяти мастера спорта СССР по боксу Нуржана Космамбетова. Турнир входит в программу Кубка Республики Казахстан. На ринг выйдут больше 350 спортсменов 2011 года рождения.

Профессиональный боксерский клуб «Шымкент» стал местом проведения юношеского Кубка Республики Казахстан по боксу среди юношей до 17 лет, посвященный памяти Нуржана Космамбетова. Нуржан Космамбетов — многократный победитель региональных, республиканских, союзных и международных турниров. Эти соревнования — отличная площадка для подготовки молодых спортсменов.

В турнире участвуют боксеры со всех 20 регионов страны. Кубок Казахстана предоставляет молодым спортсменам прекрасную возможность отточить свои навыки и подготовиться к соревнованиям высокого уровня. Среди молодых боксеров, набравшихся опыта на таких турнирах, сформируются будущие чемпионы, которые будут с гордостью защищать честь страны на соревнованиях различного ранга. По результатам соревнований победители и призеры получат награды и ценные призы.

«Участвуют 20 команд из всех областей Казахстана и городов республиканского значения. 350 участников, 2011 года рождения. Ценность соревнований в том, что сейчас фаворитов нет, победители этих соревнований поедут на первенство Казахстана в конце года. Соревнования являются хорошей площадкой для проверки готовности. После турнира пройдут сборы, которые покажут готовность спортсменов не к разовым соревнованиям, а длительному тренировочному процессу», — пояснил Динмухамед Абайхан — председатель судейской коллегии Казахстанской федерации бокса, главный судья соревнований.

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...