«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Шымкент ҚПД Қаратау АПБ қызметкерлері және Қаратау ауданы прокуратурасымен бірлесіп, киберқылмысқа қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
18–23 мамыр аралығында интернет-алаяқтықтың, киберқылмыстар мен дропперлік әрекеттердің алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар өтуде.
Тұрғындарға:
• интернет-алаяқтардың айла-тәсілдері;
• банк карталары мен жеке деректерді қорғау жолдары;
• дроппер болудың құқықтық салдары түсіндірілді.
Сонымен қатар, арнайы жадынамалар мен ақпараттық парақшалар таратылды.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерімен кездесу барысында өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, трансұлттық қылмыс пен есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл, киберқауіпсіздік, экстремизммен және басқа да қазіргі сын-қатерлермен күрес мәселелері талқыланды.
— Ұйымдасқан трансұлттық қылмыс тамыр жайып, аясын кеңейте түсті. Киберқылмыс табысы жоғары жаһандық индустрияға айналды. Бұл адамдарды миллиардтаған доллар шығынға ұшыратады. Цифрлық жүйені қылмыстық топтар өз қызметтерін үйлестіруге, табыстарын жылыстатуға, ешбір мемлекеттің шекарасына қарамайтын шабуыл жасауға жиі қолданады. Маңызды көлік және сауда бағыттары түйісетін Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары. Осы орайда, ұйымдасқан трансұлттық қылмысқа, есірткінің заңсыз айналымына және адам саудасына қарсы тұру мәселесі өзекті болып отыр. Күш-жігер біріктіру, ақпарат алмасу, институционалдық ықпалдастықты нығайту және заманауи технологияларды енгізу арқылы ғана бұл сын-қатерлерге қарсы тұра алатынымызға сенімдімін. Қазақстан қауіпсіздік саласындағы өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты тереңдетуді дәйекті түрде қолдайды. Біз азаматтарымызды қорғау мен елдерімізді орнықты дамыту бағытындағы ашық диалогқа, үздік тәжірибелерді алмасуға және бірлесіп шешім қабылдауға дайынбыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің пікірінше, қылмыстық элементтердің өңірдегі ішкі тұрақтылықты бұзуына жол беруге болмайды. Бұл орайда жүйелі әрі батыл әрекеттер қажет.
#ЗаңМенТәртіп
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары