«Заң мен Тәртіп»: Кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу — Xnews — ақпарат агенттігі

«Заң мен Тәртіп»: Кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу

«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Абай ауданының прокуратурасы аудан әкімдігімен, мектеп директорларымен, мектеп психологтарымен және Психологиялық қолдау орталығының басшысымен бірлесіп, білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Кездесу барысында жасөспірімдердің психологиялық жағдайы, кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік көңіл-күйдің туындау себептері, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды уақтылы анықтау шаралары талқыланды.

Сонымен қатар мектептер, ата-аналар, психологиялық қызметтер мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту арқылы оқушылардың қауіпсіздігі мен психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жиын қорытындысы бойынша профилактикалық жұмысты күшейтуге, психологиялық көмектің тиімділігін арттыруға және білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған ұсыныстар әзірленді.

Шымкент қаласының прокуратурасы

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...