Түркістанда заң және құқық салаларындағы жетістіктер сараланған жиын өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда заң және құқық салаларындағы жетістіктер сараланған жиын өтті

Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ӘРПК) қолданысқа енгізілгеніне 5 жыл толуына арналған маңызды іс-шара өтті. Осы уақыт аралығында кодекс азаматтар мен кәсіпкерлердің мемлекеттік органдармен қарым-қатынасындағы құқықтарын қорғаудың тиімді тетігіне айналды.

Салтанатты жиынға Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев қатысып, ӘРПК-ның бизнес үшін маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, кодекс дауларды сотқа дейінгі тәртіппен шешу механизмін жеңілдетіп, кәсіпкерлерге түсетін әкімшілік жүктемені айтарлықтай азайтқан.

Сонымен қатар, кодексте мемлекеттік органның «кінәлілік презумпциясы» қағидатының енгізілуі мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін арттырып, олардың жұмыс тәртібін күшейтті.

Қарқынды дамып келе жатқан Түркістан облысы үшін ӘРПК-ның тиімді қолданылуы жергілікті инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауда сенімді құқықтық қалқанға айналып отыр.

– ӘРПК-ның бес жылдық тәжірибесі бизнес пен билік арасындағы диалогтың заң аясында әділ әрі тең дәрежеде жүзеге асуы мүмкін екенін дәлелдеді. Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы алдағы уақытта да кодекстің мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, кәсіпкерлердің заңды мүдделерін қорғауды жалғастыра береді, – деп атап өтті Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...