Шымкентте киберқылмысқа қарсы түсіндіру жұмыстары жалғасуда — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте киберқылмысқа қарсы түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Шымкент қаласы аумағында интернет-алаяқтық пен киберқылмыстардың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және “Заң мен Тәртіп” қағидаты аясында профилактикалық іс-шараларды күшейту мақсатында, 2026 жылғы 18-23 мамыр аралығында кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Аталған іс-шара аясында профилактикалық кездесу Шымкент қаласындағы Дендропарк аумағында ұйымдастырылып, тұрғындарға интернет-алаяқтық, киберқылмыстар, дропперлік және жалған инвестициялық жобалардың қауіптері түсіндірілді.

Азаматтарға:
• күмәнді сілтемелерге өтпеу;
• SMS-кодтарды бөгде тұлғаларға бермеу;
• банк картасы деректерін жарияламау;
• “оңай табыс” ұсынатын интернет хабарландыруларға сенбеу қажеттігі ескертілді.

Құрметті қала тұрғындары!
Интернет кеңістігінде сақ болыңыздар, жеке деректеріңізді қорғап, алаяқтардың арбауына түспеңіздер!

Еске салсақ, Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерімен кездесу барысында өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, трансұлттық қылмыс пен есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл, киберқауіпсіздік, экстремизммен және басқа да қазіргі сын-қатерлермен күрес мәселелері талқыланды.

— Ұйымдасқан трансұлттық қылмыс тамыр жайып, аясын кеңейте түсті. Киберқылмыс табысы жоғары жаһандық индустрияға айналды. Бұл адамдарды миллиардтаған доллар шығынға ұшыратады. Цифрлық жүйені қылмыстық топтар өз қызметтерін үйлестіруге, табыстарын жылыстатуға, ешбір мемлекеттің шекарасына қарамайтын шабуыл жасауға жиі қолданады. Маңызды көлік және сауда бағыттары түйісетін Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары. Осы орайда, ұйымдасқан трансұлттық қылмысқа, есірткінің заңсыз айналымына және адам саудасына қарсы тұру мәселесі өзекті болып отыр. Күш-жігер біріктіру, ақпарат алмасу, институционалдық ықпалдастықты нығайту және заманауи технологияларды енгізу арқылы ғана бұл сын-қатерлерге қарсы тұра алатынымызға сенімдімін. Қазақстан қауіпсіздік саласындағы өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты тереңдетуді дәйекті түрде қолдайды. Біз азаматтарымызды қорғау мен елдерімізді орнықты дамыту бағытындағы ашық диалогқа, үздік тәжірибелерді алмасуға және бірлесіп шешім қабылдауға дайынбыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің пікірінше, қылмыстық элементтердің өңірдегі ішкі тұрақтылықты бұзуына жол беруге болмайды. Бұл орайда жүйелі әрі батыл әрекеттер қажет.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...