Шымкентте жыл басынан бері заңсыз 106 нысан анықталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте жыл басынан бері заңсыз 106 нысан анықталды

Шымкент қаласында құрылыс нормаларын бұзып, заңсыз салынған нысандарға қатысты мониторинг және бақылау жұмыстары күшейтілді. Нәтижесінде жыл басынан бері қала аумағында 106 заңсыз құрылыс нысаны анықталып, оның 56-сына қатысты тиісті шаралар қолданылды,-деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Анықталған нысандардың басым бөлігі Абай ауданында тіркелген. Атап айтқанда, Абай ауданында – 39, Әл-Фараби ауданында – 19, Еңбекші ауданында – 17, Қаратау ауданында – 21, Тұран ауданында 10 нысан анықталған.

Бұдан бөлек құрылыс нысандарын бақылау және қадағалау бағытында 72 құрылыс объектісіне тексеру жүргізіліп, жалпы көлемі 61,6 млн теңге айыппұл салынды.

Оның ішінде:
• заңсыз құрылыстар бойынша 59 нысанға – 42,4 млн теңге,
• құрылыс сапасына қатысты 8 нысанға – 8,6 млн теңге,
• үлестік құрылыс талаптарын бұзған 5 нысанға – 10,6 млн теңге айыппұл салынған.

Сонымен қатар лицензиялық бақылау аясында 442 құрылыс мекемесіне 86,1 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, лицензиялары 6 ай мерзімге тоқтатылды.

Жалпы жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде жергілікті бюджетке 147,6 млн теңге көлемінде түсім өндірілген.

С начала года в Шымкенте выявлено 106 незаконных объектов

В Шымкенте усилены меры мониторинга и контроля за соблюдением строительных норм и правил. С начала года на территории города выявлено 106 объектов, возведённых с нарушениями законодательства в сфере строительства. В отношении 56 из них уже приняты соответствующие меры реагирования, сообщает пресс-служба акима города Шымкент.

Наибольшее количество нарушений зафиксировано в Абайском районе — 39 объектов. В Аль-Фарабийском районе выявлено 19 объектов, в Енбекшинском — 17, в Каратауском — 21, в Туранском — 10.

Кроме того, в рамках надзорной деятельности проведены проверки 72 строительных объектов. По их итогам наложены штрафы на общую сумму 61,6 млн тенге.

Из них 42,4 млн. тенге — за незаконное строительство (59 объектов), 8,6 млн тенге — за нарушения требований качества строительства (8 объектов), 10,6 млн тенге — за нарушения в сфере долевого строительства (5 объектов).

В рамках лицензионного контроля к ответственности привлечены 442 строительные организации. Общая сумма штрафов составила 86,1 млн тенге, при этом действие лицензий приостановлено сроком на 6 месяцев.

В целом по итогам проведённых контрольных мероприятий в местный бюджет поступило 147,6 млн тенге.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...