Шымкент қаласында «Стоп граффити» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент қаласында «Стоп граффити» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Аталған шараның негізгі мақсаты – есірткі құралдарын насихаттайтын заңсыз граффити жазбаларын анықтау және жою, сондай-ақ жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру.

Іс-шара барысында Шымкент қаласы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ерікті жастармен бірлесіп, қала аумағында рейдтік жұмыстар жүргізуде. Заңсыз жазбалар анықталған орындарда олар жедел түрде жойылып, түсіндіру жұмыстары қатар жүргізілуде.

Мұндай шаралар қоғамды зиянды ақпараттан қорғауға, жас ұрпақтың санасына теріс әсер ететін факторлардың алдын алуға бағытталған. Полиция азаматтарды қала тазалығын сақтауға және кез келген құқық бұзушылыққа бей-жай қарамауға шақырады.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...