Шымкент пен Ресей арасында сауда айналымы нығайды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент пен Ресей арасында сауда айналымы нығайды

Шымкент пен Ресей арасында сауда-саттық ұлғайып келеді. Былтыр тауар айналымы 224 миллиард теңгеден асты.

Ресей — Шымкенттің ең ірі сыртқы сауда серіктестерінің бірі. Экспортқа, негізінен, тоқыма және қайта өңдеу өнімдері, сондай-ақ пластмасса мен керамикалық бұйымдар, машина жасау өнімдері жөнелтіледі. Сыртқы сауда статистикасының деректері бойынша, өткен жылы Шымкент пен Ресей арасындағы тауар айналымы 224 миллиард теңгеден асқан. Бұл тек шикізат немесе дайын өнім алмасу ғана емес. Бүгінде екі елдің кәсіпкерлері бірлесіп көптеген тың жобаларды қолға алған. Соның бірі – медицина, ауыл шаруашылығы мен құрылыста кеңінен қолданылатын мата типті материал шығаратын кәсіпорын. Жобаға шамамен 5 миллиард теңге инвестиция салынды.

Алексей Бунин, кәсіпорын құрылтайшысы:
— Жобаны қазақ әріптестеріммен бірге бастадық. Біз олармен он үш жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Кәсіпорын өнімдерінің негізгі бөлігі агро бағытты нарыққа шығатын болғандықтан Шымкентті таңдадық. Өңір экономикалық жағынан өте тиімді. Себебі, мұнда ауыл шаруашылығы жақсы дамыған және Өзбекстан нарығына шығу жолы да жеңіл.

Сарапшылардың пікірінше, әлемдік логистиканың өзгеруі мен сауда бағыттарын қайта құру Шымкент үшін жаңа мүмкіндіктер ашты. Соңғы жылдары Оңтүстік мегаполис біртіндеп өндірістік және транзиттік торапқа айналып келеді. Сондықтан индустриялды аймақтарды, өңдеу мен экспортқа негізделген кәсіпорындарды дамытуға басымдық берілген.

Ермек Тұрманов, Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:
— Бізде Шымкенттің Ресеймен сыртқы тауар айналымы өте жақсы. Себебі бізде Шымкент логистикалық ыңғайлы орналасқан. Жалғыз Ресей емес, басқа да мемлекеттерге тез шығуға мүмкіндік береді. Яғни бізде шыққан тауар мысалы 3 күннің ішінде Ресей мемлекетіне жеткізіледі.

Қазір Шымкентте ресейлік компаниялармен бірлескен жаңа өндірістер іске қосылуда. Бұл ретте металлургия және құрылыс индустриясы саласындағы жобаларды ерекше атап өтуге болады. Бұл жағдай жаңа жұмыс орындарын құрып, өңірдің экспорттық әлеуетін нығайтуға мол мүмкіндік береді.

© «24kz» телеарнасы

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...