Шымкент: Мамандар ескертеді: қаржылық пирамидалардан сақ болыңыз — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: Мамандар ескертеді: қаржылық пирамидалардан сақ болыңыз

Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері қаржылық пирамидалардың қоғамға төндіріп отырған қаупі туралы айтты. Мамандардың мәліметінше, соңғы уақытта тұрғындарды жоғары табысқа қызықтырып, заңсыз қаржы жинайтын ұйымдардың белсенділігі күшейген.

Брифинг барысында қаржылық пирамидалардың басты ерекшеліктері түсіндірілді. Атап айтқанда, мұндай ұйымдар азаматтарға қысқа мерзімде көп пайда табуды ұсынып, жаңа қатысушыларды тарту арқылы жұмыс істейді. Көп жағдайда олардың нақты өнімі де, заңды қаржылық қызмет көрсетуге рұқсаты да болмайды.

Жиында «Nazira Gold» қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық іс те мысал ретінде келтірілді. Тергеу барысында ұйымдастырушылардың интернет арқылы жарнама жасап, мыңдаған адамды қаржы салуға көндіргені анықталған. Салымшыларға бірнеше ай бойы жоғары пайыздық табыс түсетіні айтылған.

Сот үкімімен қаржы пирамидасын ұйымдастырған тұлғалар кінәлі деп танылып, жаза тағайындалған. Сонымен қатар, тәркіленген қаражаттар мен бағалы мүліктер есебінен зардап шеккен азаматтарға өтемақы қайтарылып жатыр. Қазіргі таңда жүздеген миллион теңге салымшыларға қайтарылған. Мамандар тұрғындарды қаржы салмас бұрын ұйымның заңдылығын мұқият тексеруге және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Толығырақ: https://youtube.com/live/ZWaCvCHtG4I

#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті «Nazira Gold» қаржы пирамидасы туралы таратқан ақпарат

Өздерін зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға салған сомаларынан 20-40% көлемінде ай сайынғы табыс деп уәде берген.

Алайда, шын мәнінде төлемдер сатудан түскен пайдадан емес, жаңа қатысушылардың салымдарынан жүзеге асырылған.

Нәтижесінде қаржы пирамидаға 4 мыңнан астам салымшы тартылған.

Қылмыстық табысқа күдіктілер екі пәтер, тұрғын үй және 10 автокөлік сатып алған.

Тінту барысында 374 миллион теңге қолма-қол ақша және құны 300 миллион теңгеден астам 12 кг алтын бұйымдар тәркіленген.

Айта кетейік, Агенттікте қаржы пирамидаларының белгілерін тексеруге мүмкіндік беретін «Baiqa, piramida!» Telegram-боты іске қосулы.

Егер Сіз немесе жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетіне тап болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жүгінуді сұраймыз.

Азаматтарды сақ болуға және күмәнді қаржылық ұйымдарға жинақтарын салмауға шақырамыз.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...