Шымкент: Абай ауданыда абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: Абай ауданыда абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте Абай ауданында жүзеге асырылып жатқан абаттандыру және инфрақұрылымдық жобалар туралы айтылды. 2026 жылдың І тоқсанында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аудан аумағында 9 ойын алаңшасы, 3 спорт алаңшасы және 2 гүлзар салу жұмыстары қолға алынған.

Сонымен қатар, жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында жалпы ұзындығы 44,5 шақырымды құрайтын 35 көшеге аяқ жол салу жоспарланған. Бүгінде оның 16 көшесінде 20 шақырым аяқ жол құрылысы аяқталған. Қалған 19 көшедегі жұмыстарды 2026 жылдың маусым айының соңына дейін аяқтау көзделіп отыр.

Аудан аумағында аулаларды жарықтандыру бағытында да нақты жұмыстар атқарылуда. Тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында Ақжайық шағынауданындағы 18 көпқабатты тұрғын үйдің ауласын жарықтандыру жұмыстары «Нұреке Азия Бизнес» ЖШС тарапынан толық аяқталды.

Бұдан бөлек, қала келбетін жақсарту мақсатында Асар шағынауданы Жейхун көшесінің бойында орналасқан 30 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттерін жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Аталған жобаны «МАД Группс» ЖШС жүзеге асырып, жұмыстар толық аяқталған.

Толығырақ: https://youtube.com/live/4xV3AXW6D-E

#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...