Шымкент тек қызғалдақ, дәмді палау, кәуап, самса ғана емес, интелектуалды шаһар ретінде қалыптасқан. Қазақстанда тұңғыш рет шахмат ойыны пән ретінде Шымкент мектептерінде енгізілген,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі «National Geographic Qazaqstan» журналына сілтеме жасап.
Көптеген халықаралық додаларда Әнұранымызды шырқата білген алғашқы гроссмейстерлер Ринат Жұмабаев, Гүлісхан Нахбаева және Жансая Әбдімәлік, Гүлмира Дәулетова Шымкент қаласының тумасы. Өңірлерде шахматты көпшілікке айналдыру – бүкіл елдің шахматшыларының шығармашылық байланысын нығайтуға мүмкіндік береді.
Демография жағынан ең тез өсіп келе жатқан әрі жастары өте білімді қала десек ешкім шүбә келтірмес. 1897 жылы қала халқының саны небәрі 10-15 мың адам болса, 1939 жылға қарай 75 мыңға дейін өсті. Кеңестік кезеңде ірі зауыттардың ашылуы халық санының 400 мыңға дейін өсуіне ықпал етті. 2018 жылы Шымкент Астана және Алматымен қатар республикалық маңызы бар қала мәртебесін алып, миллионнан астам халқы бар қалалардың біріне айналды.
Үшінші мегаполис. Спорт пен мәдениет ошағы. Өнерсүйер қауым үшін қалада қазақ және орыс драма театры, қуыршақ, Опера және балет театрлары, филармония, Цирк пен ондаған музейдің есігі үнемі ашық тұрады.
Сондай-ақ үлкен тенис кешені, Әлия Юсупованың гимнастика мектебі, футбол мен минифутол және баскетбол алаңдары мен үйірмелер бар. Бұдан өзге тек қана көшпенділерге ғана тән садақ ату, ат спорт түрлерімен шұғылдануға мүмкіндіктер қарастырылған.
Чемпиондар осы қаладан шығып жатыр. Мысалы, Токио олимпиадасында үшінші мегаполистің намысын қорғаған каратэші Дархан Асаділов қола медальға ие болды. Шымкентке жаңадан қосылған ауылдарда спорт алаңдары көбейіп келеді. Осылайша қалада бұқаралық спортты дамытуға ден қойылған.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары