Кезекті пәтер кілті табысталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Кезекті пәтер кілті табысталды

Шымкент қаласында тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда. Баспана кезегінде тұрған және жеңілдетілген несиелеу бағдарламаларына қатысқан тағы 50 отбасы жаңа пәтерге ие болды.

Пәтерлер «2-10-20» және «5-10-20» бағдарламалары аясында берілді. Тұрғындар жеңілдетілген ипотека жүйесі арқылы төлем қабілеттілігін растаған азаматтар қатарынан.

Көпжан Төлебаев, тұрғын үй басқармасы бастығының міндетін атқарушы:
Бұл азаматтар қатарында мүгедектігі бар жандар, пәтер кезегіндегі мемлекеттік қызметшілер бар.

Жаңа баспаналы болғандардың қатарында көп балалы аналар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар және бюджет саласының қызметкерлері бар. Солардың бірі — көп жылдан бері баспана кезегін күткен көп балалы ана Гүлбахрам Қожанова. Ол үшін бүгінгі қуанышты сәт -ұзақ жылдар бойы күткен арманының орындалуы.

Гүлбахрам Қожанова, қала тұрғыны
Баспана алып, жүздері бал-бұл жайнап отырған азаматтарды шын жүректен құттықтаймын. Мен де мемлекеттік қызметте жұмыс істеймін, міне, пәтер алып отырмын.

Айта кету керек, қалада тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту және баспанамен қамту мүмкіндігін кеңейту бағытындағы кешенді жұмыстар жалғасып жатыр. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру баспана кезегінде тұрған азаматтар санын кезең-кезеңімен азайтып, тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру жағдайын жасауға мүмкіндік береді.

➖

Вручены ключи от очередных квартир⁣⁣

В свои 19 лет Айда Нышанбай уже празднует новоселье. Девушка учится на втором курсе престижного ВУЗа и строит планы на будущее. Айда-одна из тех, кто имеет право на особую поддержку от государства. В очередь на жилье она встала только в прошлом году, и вот- заветные ключи уже в руках.

Айда Нышанбай, жительница г.Шымкента: «В 2025 году встала в очередь по конкурсу и вот-получила квартиру. Хочу выразить огромную благодарность государству за такую поддержку. Спасибо нашему акимату».

Свой заветный уголок в новом доме обрела и Гульбахрам Кожанова. Но, если студентка получила жилье быстро, то у Гульбахрам путь к собственной квартире занял целое десятилетие. Сорок лет женщина посвятила педагогике, и сегодняшний день для заслуженного учителя стал долгожданным.

Гульбахрам Кожанова, жительница г. Шымкента: «Очень радостно видеть, как люди буквально сияют от счастья, получая своё жильё. Слава Богу, и мы дождались эту квартиру. Я невероятно счастлива. Пусть это счастье передастся всем гражданам Казахстана и жителям Шымкента».

Всего за эти выходные новоселье в микрорайоне «Акжайык» отметили 50 семей.

Копжан Толебаев, и.о. руководителя управления жилищной политики г. Шымкента: «Ключи получают граждане из числа инвалидов I и II групп, семьи, воспитывающие детей с инвалидностью, многодетные семьи, дети, оставшиеся без попечения родителей, а также сотрудники государственных и бюджетных учреждений. Квартиры расположены в микрорайоне “Акжайык”. Все дома полностью обеспечены необходимой инфраструктурой».

Новый микрорайон продолжает расти. По программе льготного кредитования здесь планируют предоставить еще 780 квартир. В целом же до конца года в Шымкенте планируют обеспечить жильем более шести с половиной тысяч жителей.

Ontustiktv.kz
Otyrar.kz

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...