Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай танымдық экскурсия ұйымдастырылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай танымдық экскурсия ұйымдастырылды

Жастар ресурстық орталығы, Шымкент қаласы полиция департаменті және “Бүркіт” арнайы жасағының ұйымдастыруымен Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында жастардың отансүйгіштік және патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаментіне қарасты Кинология қызмет орталығына экскурсия өткізілді.

Экскурсия барысында қатысушылар кинология қызметінің жұмысымен танысып, арнайы үйретілген қызметтік иттердің дайындығын тамашалады. Сонымен қатар құқық қорғау саласындағы қызметтің ерекшеліктері жөнінде ақпарат алды.

Іс-шараға М. Тынышбаев атындағы Шымкент ALT көлік колледжінің студенттері қатысты.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жастардың денсаулығын сақтау, заң мен тәртіп қағидатын нығайту және зиянды әдеттердің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударып келеді. Қазақстан халқына Жолдауында есірткіге қарсы күреске назар аударды.

«Тағы бір маңызды міндет – есірткі саудасына және нашақорлыққа қарсы күрес. Бұл – ұлттың генетикалық қорын аман сақтап қалу мәселесі деген сөз. Біз осыған дейін қажетті заңнамалық шараларды қабылдадық. Бірақ нақты нәтижеге қол жеткіздік деуге әлі ерте. Әрбір мемлекеттік құрылым, әсіресе, құқық қорғау органдары тиімді жұмыс істеп жатыр деп айта алмаймыз. Есірткі мәселесі ушығып барады», — деді Президент.

Біз заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруымыз керек. Азаматтары, әсіресе жастары мәдениетті, жаңашыл әрі жасампаз ұлттың ұпайы түгел. Сондықтан біз өркениетті ел болуға кедергі жасайтын жағымсыз әдеттерден арылуымыз керек.

«Мен бұл туралы Ұлттық құрылтайдың отырысында айттым. Елдің болашағына кесірін тигізетін бес кеселге тоқталдым. Содан бері біршама жұмыс атқарылды. Вандализмге, лудоманияға тосқауыл қоятын заңдар қабылданды. Вейпке, яғни электронды темекіге тыйым салынды. Қабылданған шаралардың нәтижесі қазірдің өзінде көрініп жатыр. Әлеуметтік кеселдің бәрімен тұтас жұрт болып жұмыла күресу қажет» деген еді.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...