Заң мен Тәртіп: Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы — Xnews — ақпарат агенттігі

Заң мен Тәртіп: Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы

Шымкент қаласы, Абай ауданы аумағында орналасқан Білім беру ұйымдарында оқушылар мен ата-аналары арасында ақпараттық қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ интернет ресурстары арқылы кәмелетке толмағандарды құқыққа қарсы әрекеттерге тартудың профилактикасы жөнінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай аудандық полиция басқармасының орынбасары полиция полковнигі К.Миркасовпен мектептің ата-аналар комитетінің төрағалығы мен мектеп оқушыларының ата-аналары және мектеп директоры мен олардың орынбасарлары, сынып жетекшілері, психолог мамандардың қатысуымен қосымша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жиналыс барысында ата-аналардың балаларға бақылауды күшейту, соның ішінде олардың әлеуметтік желілердегі белсенділігін қадағалау қажеттілігі жеткізілді.

Мектеп басшылығына оқушылармен сынып сағаттарын өткізу барысында жасөспірімдер арасында әлеуметтік желілердегі ақпараттық қауіпсіздік мәселелері, құқықбұзушылықты алдын алу, буллинг, сталкинг, нашақорлыққа жол жоқ тақырыптары бойыша түсіндіру жұмыстарын жиі ұйымдастыру айтылды.

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...