«Заң мен тәртіп» — жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет — Xnews — ақпарат агенттігі

«Заң мен тәртіп» — жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет

Прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайту және жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.
​
Осы мақсатта, Шымкент қаласы Тұран ауданының прокуратурасы бірінші сатылы сотта мемлекеттік айыпты қолдау аясында есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтаумен айналысқаны үшін ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен айыпталған тұлғаға қатысты қаралған қылмыстық іске көрме процесін өткізді.

Бұл іс-шараға арнайы колледж студенттері қатыстырылып, оларға есірткімен айналысу салдары және оның жауапкершілігі түсіндірілді.

Осылайша, жастардың арасында құқықтық сауаттылығын арттыруға және оларды теріс жолдан сақтау бағытында профилактикалық жұмыстар Тұран ауданы прокуратурасымен үнемі жүргізілуде.

Шымкент қаласының прокуратурасы

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...