Түркістанда Ekos технологиясымен алғашқы ота жасалды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда Ekos технологиясымен алғашқы ота жасалды

Түркістан қалалық орталық ауруханасында Қазақстанда тұңғыш рет EKOS тамырішілік ультрадыбыстық тромболизис технологиясын қолдана отырып, күрделі әрі жоғары технологиялық медициналық ота сәтті өтті.

Аталған ота Алматы қаласындағы Artven клиникасының тамыр хирургы, PhD Азимбаев Ғалимжан Сайдуллаұлы және Түркістандық ангиохирург дәрігерлердің қатысуымен ұйымдастырылған шеберлік сабағы аясында жүзеге асырылды. Бұл тәжірибе өңірлік медицинаға заманауи әдістерді енгізіп, жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруға зор мүмкіндік берді.

Науқас ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген. Жас жігіттің мықын венасынан бастап оң жүрекшеге дейін таралған ауқымды тромбтық массалар анықталған. Бұл қан айналымының күрт бұзылуына, жүрекке түсетін жүктеменің артуына және оның қызметінің әлсіреуіне әкелген. Сонымен қатар, тромбтардың үзіліп кетіп, өкпе немесе басқа да өмірлік маңызды ағзаларға түсу қаупі жоғары болған.

Асқынулардың алдын алу үшін дәрігерлер баллонды технологиямен үйлестірілген заманауи әдіс — тамырішілік ультрадыбыстық тромболизис қолданды. Процедура барысында тромб ішіне арнайы вибрациялық катетер енгізіліп, ол тромбты механикалық түрде ұсақтап, дәрілік заттардың тиімді әсер етуіне жағдай жасайды. Сонымен бірге, катетер арқылы қысыммен енгізілген тромболитикалық препарат тромбтарды ерітуге мүмкіндік береді.

Осындай кешенді тәсіл қысқа уақыт ішінде қан тамырларының өткізгіштігін қалпына келтіріп, өмірге қауіп төндіретін асқынулардың алдын алуға жол ашады.

Қазіргі таңда науқастың жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Ем нәтижесінің алғашқы бағасы процедурадан кейін 10–12 сағат ішінде жүргізілмек.

Мұндай шеберлік сабақтары мен инновациялық технологияларды енгізу — өңірдегі жоғары технологиялық медициналық көмекті дамытудың және халыққа көрсетілетін ем сапасын арттырудың маңызды қадамы.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...