Шымкентте Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасында қырғыз делегациясымен ауқымды кездесу өтті. Жиынға Қырғызстан Республикасы Экономика министрлігінің басқарма басшысы Искандербек Маматов, Кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова, Symkent Invest АҚ Инвестициялар жұмылдыру орталығының директоры Болат Етекбаев, «Даму саясатының институты» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрайымы Надежда Добрецова, шымкенттік және қырғызстандық кәсіпкерлер қатысты.

Кездесуде екі ел арасындағы, оның ішінде бауырлас ел кәсіпкерлерінің Шымкенттің бизнес өкілдерімен тығыз байланысты одан әрі нығайту, өзара тиімді байланыстарды жаңа деңгейге шығару барысы талқыланды.

«Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымының көлемі 2025 жылы 2,2 млрд АҚШ долларын құрап, соңғы жылдардағы ең жоғары рекордтық көрсеткішке жетті. Оның ішінде былтыр Шымкент қаласының кәсіпорындары Қырғызстанға 68,3 млн АҚШ доллары көлемінде тауар экспорттады. Оның негізгі бөлігін ұн (12,5 млн), цемент (6,5 млн), пластмасса бұйымдары (4,4 млн), кондитерлік өнімдер (1,9 млн) және басқа да тауарлар құрайды.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...