Шымкентте «Қалың елім, қазағым…» поэтикалық толғауының премьерасы өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте «Қалың елім, қазағым…» поэтикалық толғауының премьерасы өтті

2026 жылғы 28–29 сәуір күндері Шымкент жастар театры сахнасында «Қалың елім, қазағым…» поэтикалық толғауының премьерасы өтті.

Қойылымда Абай Құнанбайұлы мен Махамбет Өтемісұлы шығармашылық мұрасы тоғыстырылып, ұлттық рух, тарихи жады және қоғамдық сана мәселелері заманауи театр тілі арқылы көркем бейнеленеді.

Бұл жоба – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы студенттерінің (Дариға Тұранқұлованың жетекшілігімен) дуалды оқыту аясындағы алғашқы сахналық жұмысы.

Қоюшы режиссері – Ш. Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов.

Аталған жоба Аида Балаева жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі айқындаған мәдени саясаттың басым бағыттарына сәйкес жүзеге асырылып, жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен заманауи театр өнерін дамытуға бағытталған.

«Қалың елім, қазағым…» қойылымы – театрдың шығармашылық ізденісін айқындайтын және жас көрерменнің рухани дүниесін байытуға бағытталған маңызды жоба.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...