Шымкентте инфрақұрылымды дамыту және қалалық нысандар құрылысы жалғасуда — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте инфрақұрылымды дамыту және қалалық нысандар құрылысы жалғасуда

Ғабит Сыздықбеков қала аумағын аралау барысында бірқатар инфрақұрылымдық нысандардың құрылыс барысымен танысып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Алдымен Тіленшин көшесіндегі автомобиль өткелінің құрылысы тексерілді. Аталған жоба көше-жол желісінің өткізу қабілетін арттыруға, көлік кептелістерін азайтуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған. Қала әкімі Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына нысанды барлық технологиялық талаптарды сақтай отырып, белгіленген мерзімде пайдалануға беруді қамтамасыз етуді тапсырды.

Бұдан кейін Абай ауданы, Өтегенов көшесі бойындағы Қошқар ата өзеніне іргелес аумақта су басу қаупінің алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Жоба демеушілер қаражаты есебінен жүзеге асырылуда. Мұнда жағалауды бекіту және габион құрылымдарын қолдана отырып өзен арнасын кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар жағалаудың беріктігін арттырып, тасқын кезеңінде су басу қаупін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Әл-Фараби ауданы, Жангелдин көшесінде қоғамдық кеңістік құру жобасының жүзеге асырылу барысы назарға алынды. Инвестициялық жоба жергілікті тұрғындардың өтініші негізінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында іске асырылуда. Жоба аясында серуендеуге арналған аллея салу, жасыл желек отырғызу, жарықтандыру жүйесін орнату және шағын сәулет нысандарын орналастыру көзделген.

Жалпы, қала аумағында жүзеге асырылып жатқан мұндай жобалар Шымкенттің инфрақұрылымдық дамуын жеделдетіп, тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...