«Quiz жас буын. Қаржы. Digital. Құқық» интеллектуалды сайысы өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

«Quiz жас буын. Қаржы. Digital. Құқық» интеллектуалды сайысы өтті

Шымкент қаласында жастар арасында қаржылық сауатты, құқықтық мәдениетті және цифрлық білімді арттыру мақсатында жаңа форматтағы «Quiz жас буын. Қаржы. Digital. Құқық» сайысы өтті.

«Заң мен тәртіп» қағидасы аясында ұйымдастырылған сайысқа қатысқан жастардың топтарына қала әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов, қалалық прокуратура басқармасы басшысының орынбасары Бекжан Құлатаев, Полиция департаменті басшысының орынбасары Дәулеткелді Абдраманов, Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Алмаз Манатұлы және тағы да басқа білім беру және қоғамдық ұйымдардың өкілдері жетекшілік етті.

13 команда интеллектуалдық сайыс барысында қаржылық сауат, құқық және тарих бағыттары бойынша білімдерін сынады. Логикалық ойлау, жылдамдық және командалық үйлесімділік бойынша жарысты.

Үш кезеңнің қорытындысы бойынша үздік командалар анықталды:
1 орын – «Көшбасшылар» тобы (300 000 теңге);
2 орын – «Жастар комитеті» тобы (200 000 теңге);
3 орын – «Ауыл жастары» тобы (100 000 теңге).

Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен кубоктар табысталды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. ...