Қазығұртта Кәсіпкерлер палатасы филиалының басшылығы ауысты — Xnews — ақпарат агенттігі

Қазығұртта Кәсіпкерлер палатасы филиалының басшылығы ауысты

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының Қазығұрт аудандық филиалында маңызды кадрлық өзгеріс орын алды. Ұзақ жылдар бойы филиал директоры қызметін абыроймен атқарып келген Мамытбеков Сержан Кенжалиұлы өз еркімен қызметінен босады.

Сержан Кенжалиұлының жетекшілігі кезеңінде аудан кәсіпкерлерін қолдау бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылып, жергілікті бизнес ортаның дамуына серпін берілді. Әріптестері мен кәсіпкерлер қауымы оның өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан еңбегін жоғары бағалап, алдағы қызмет жолында толағай табыс тіледі.

Осыған байланысты Қазығұрт аудандық әкімдігінде филиал директоры лауазымына тағайындалған жаңа қызметкер Раманқұл Дәурен Сәкенұлы аудан әкімі Азизхан Исмаиловқа таныстырылып, оның кәсіби тәжірибесі мен алдағы жоспарлары баяндалды.

Жиын барысында аудан әкімі ұсынылған кандидатқа сенім білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Сонымен қатар, аудан кәсіпкерлігін дамыту бағытындағы бастамаларына қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша аталған кандидатура белгіленген тәртіпке сәйкес қаралатын болды.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...