Түркістан: Төлеби ауданында әлем чемпионы өз таңдауын жасады — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Төлеби ауданында әлем чемпионы өз таңдауын жасады

Түркістан облысы, Төлеби ауданының тумасы ардагерлер арасында самбодан әлем чемпионы Мәди Нәбиев саяси науқанда белсенділік танытып, референдум учаскесіне алғашқылардың бірі болып дауыс берді.

«Ел ертеңі үшін маңызды саяси науқанға қатысу баршамыздың міндетіміз деп білемін. Сондықтан да таңмен таласа тұрып, өзім тіркелген учаскеге алғашқылардың бірі болып келуге тырыстым. Өзге отандастарымды да саяси науқанға белсене қатысуға шақырамын» — деді әлем чемпионы.

Айта кетейік, Мәди Бәйділләұлы 2021 жылы Португалия елінің Лиссабон қаласында дзюдо күресінен 90 келі салмақта әлем чемпионы атанған. Сондай-ақ, 2017 жылы самбо күресінен әлем чемпионы болса, қазақ күресінен еліміздің бірнеше дүркін жеңімпазы атағын иемденген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...