Түркістан облысында референдум учаскесінде кітап және қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында референдум учаскесінде кітап және қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Түркістан облысында референдумға келушілерге арнайы кітап және қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Онда ұлттық өнеріміз ұлықталып, қазақы нақыштағы қолөнер бұйымдары мен кітап көрмесі дауыс берушілер назарына ұсынылды. Жәрмеңкеде ағаш және тоқыма бұйымдары қойылған. Сонымен қатар, киіз үй маңында құрақ көрпелер төселіп, таңдау жасаушыларға ерекше көңіл-күй сыйлауда. Ал, кітап көрмесінде тарих және рухани мұраға қатысты түрлі туындылар қойылған.

Айта кетейік, Түркістан облысында 947 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Өңірде 1 187 257 азамат дауыс беру құқығына ие. Бұл өңір халқының 55,4 пайызына тең.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...