Түркістан облысында «Домалақ ана» ансамблі саяси науқанға ұлтық киіммен келіп дауыс берді — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында «Домалақ ана» ансамблі саяси науқанға ұлтық киіммен келіп дауыс берді

Бүгінгі өтіп жатқан референдумға облыстық «Домалақ ана» ансамблінің мүшелері дауыс беру учаскесіне ұлттық киіммен келіп, өз таңдауларын жасады. Ансамбль мүшелері бұл маңызды қоғамдық-саяси шараға белсенді қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдірді.

«Саяси науқанға ұлттық киіммен келу – халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдени құндылықтарына деген құрметтің айқын көрінісі. Бұл қадам референдумның маңыздылығын айқындап қана қоймай, ұлттық рух пен бірліктің белгісі ретінде де ерекшеленді» — дейді ансамбль мүшелері.

Айта кетейік, Түркістан облысы аумағында 947 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Облыста 1 187 257 азамат дауыс беру құқығына ие. Бұл өңір халқының 55,4 пайызына тең.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...

Түркістан облысында елімізде теңдесі жоқ мал бордақылау кешені салынып жатыр

Түркістан облысы Сауран ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі – елімізде баламасы жоқ мал бордақылау кешенінің құрылысы ...