Түркістан облысы: Бокстан ел құрамасының спортшылары референдумда өз таңдауларын жасады — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысы: Бокстан ел құрамасының спортшылары референдумда өз таңдауларын жасады

Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы «Алма Тау» спорттық базасында бокстан Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Дайындық барысында ұлттық құрама мүшелері ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан да тыс қалған жоқ. Спортшылар Төлеби ауданына қарасты Ақбастау ауылындағы №760 учаскеге арнайы келіп, азаматтық борыштарын орындап, өз таңдауларын жасады.

Спортшылардың айтуынша, мемлекет тағдырына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте әрбір азаматтың белсенділігі аса маңызды. Сондықтан олар халықпен бірге ел болашағына жауапкершілікпен қарап, референдумға қатысуды азаматтық парыз деп санайтындарын жеткізді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...