Түркістан: Ғылымның басым бағыттары бойынша жобалар байқауының ережесі — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Ғылымның басым бағыттары бойынша жобалар байқауының ережесі

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Түркістан облысының өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) ғылымның басым бағыттары бойынша жобаларды қабылдайды.

1. Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану:

а) ауа сапасының өзекті мәселелерін зерттеу.
Жобаны әске асыру мерзімі – 30 ай (жұмыстардың басталуы күнтізбелік жоспар бойынша – 2026 жылғы шілде).
Жобаны іске асыруға қажетті сұратылатын қаржы көлемі –
2026 жылға – 40 млн теңгеден аспайды, 2027 жылға – 40 млн теңгеден аспайды, 2028 жылға – 40 млн теңгеден аспайды.

2. Өмір және денсаулық туралы ғылым:

а) пәнаралық ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер.
Жобаны іске асыру мерзімі – 18 ай (жұмыстардың басталуы күнтізбелік жоспар бойынша – 2026 жылғы шілде).
Жобаны іске асыруға қажетті сұратылатын қаржы көлемі –
2026 жылға – 20 млн теңгеден аспайды, 2027 жылға – 30 млн теңгеден аспайды.

3. Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту:

а) фитосанитария.
Жобаны іске асыру мерзімі – 24 ай (жұмыстардың басталуы күнтізбелік жоспар бойынша 2026 жылғы шілде).
Жобаны іске асыруға қажетті сұратылатын қаржы көлемі –
2026 жылға – 40 млн теңгеден аспайды, 2027 жылға – 60 млн теңгеден аспайды.

Жобаларды қабылдау мерзімі – хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні.
Е-майл: upiir.turkistan@mail.ru
Байланыс нөмері: 8 (725 33) 5-93-61

Қажетті құжаттар тізімі:
1. Инвестициялық жобаның атауы.
2. Жобаны енгізу және тарату саласы (қосалқы саласы).
3. Жобаны іске асыру жөніндегі іс-шараның қысқаша сипаттамасы (жобаның негізгі мақсаттарын және мәнін, жоба нәтижелерінің нақты қолданылуы, осыған ұқсас жобаларды іске асыруға қатысу тәжірибесін баяндау).
4. Жобаның іске асыру мерзімі (айлар бойынша).
5. Жобаның басталған және аяқталған күндері.
6. Сұратылған қаражаттың соммасы (теңге).
7. Өтініш берушінің атауы, мекенжайы, телефон нөмері, электрондық поштасы.
8. Өтінім берушінің байланыс жасау тұлғаларының аты-жөні, мекенжайы, байланыс нөмері, электрондық поштасы.
9. Жобаның жетекшісі (ғылыми-зерттеу ұйымының қызметкері) – аты-жөні, лауазымы, телефон нөмері, электрондық поштасы.
10. Жобаны іске асыруға қатысатын субъектілердің атауы, мекенжайы, телефон нөмері, электрондық поштасы.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

«Quiz жас буын. Қаржы. Digital. Құқық» интеллектуалды сайысы өтті

Шымкент қаласында жастар арасында қаржылық сауатты, құқықтық мәдениетті және цифрлық білімді арттыру мақсатында жаңа форматтағы «Quiz жас буын. Қаржы. Digital. ...