Шымкентте кезектегі азаматтарға тағы 30 пәтер берілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте кезектегі азаматтарға тағы 30 пәтер берілді

Шымкент қаласының тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда. Бұл жолы баспана кезегінде тұрған 30 отбасы коммуналдық үй қорынан жалдамалы пәтерлерге ие болды.

Көп қабатты үйлер Асар-2, Тұран және Бозарық шағынаудандарында орналасқан.

Пәтер кілттерін тапсыру рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Қала әкімі тұрғындарды қоныс тоймен құттықтап, жаңа шағынаудандардың кешенді дамып жатқанын атап өтті, мұнда үйлермен қатар инфрақұрылым да қатар салынуда.

Айта кету керек, пәтерлер Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, толық емес отбасыларға және ерекше балаларды тәрбиелеп отырған жанұяларға, мүгедектігі бар азаматтарға, сондай-ақ, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға берілді.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...