Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл ұлық мейрам — рухани жаңару, жан тазалығы мен иманды күшейту айы Рамазанның аяқталғанын білдіреді. Ораза айт адамдарды мейірім, өзара құрмет және ізгілік сияқты мәңгілік құндылықтар төңірегінде біріктіреді.

Бұл күн бір-бірімізге қолдау көрсетудің, үлкенге құрмет білдіріп, мұқтаж жандарға қамқор болудың маңызын еске салады. Осындай құндылықтар қоғамдағы бірлік пен үйлесімділіктің негізін қалайды.

Берекелі күні сіздерге зор денсаулық, жан тыныштығы мен бақ-береке тілеймін. Әр шаңырақта тыныштық, татулық және молшылық болсын. Ізгі істеріңіз еселеніп, ақ ниеттеріңіз жүзеге аса берсін!

Ораза айт құтты болсын!
___________________________

Поздравление акима города Шымкента Ғабит Сыздықбеков с праздником Ораза айт

Уважаемые жители и гости города!

Примите искренние поздравления с наступлением светлого праздника Ораза Айт!

Этот священный день знаменует завершение месяца Рамазан — особого времени духовного роста, внутреннего очищения и укрепления веры. Ораза Айт объединяет людей вокруг вечных ценностей — сострадания, взаимоуважения и стремления к добру.

Праздник напоминает нам о важности поддержки друг друга, о внимании к старшим и заботе о тех, кто нуждается в помощи. Именно такие принципы формируют сплочённое и гармоничное общество.

Пусть в этот благословенный день в каждом доме будут мир, согласие и достаток. Желаю вам крепкого здоровья, душевного спокойствия и благополучия. Пусть ваши добрые дела приумножаются, а искренние намерения находят своё воплощение.

С праздником Ораза Айт!

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...